2.7-сурет

Атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер кристаллдар деп аталады. Кристалдардың қырлары әрқашан жазық және дұрыс геометриялық пiшiндi болып келедi (2.7, 2.8 – суреттер). Бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi кристалдық торлар деп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары түйiндер деп аталады (2.9 – сурет).

 

2.8-сурет

Кристалдардың сыртқы пiшiнiнiң дұрыстығы – олардың реттелген құрылысының бiр ғана салдары емес. Олардың ең басты ерекшелiгi кристалдың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығында. Кристалдардың бұл қасиетi анизотропия деп аталады.

 

Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi. Анизотропияның бiр себебi – кристалдық тор түйiндерiнiң тығыздығы әр түрлi бағытта әр түрлi болған жағдайдағы, бөлшектердiң дұрыс ретпен орналасуы. Осы бағыттардағы бөлшектердiң өзара әсерi де бiрдей болмайды. Бұдан, әр түрлi бағыттардағы кисталдардың механикалық берiктiгi әр түрлi екендiгi шығады.

Көптеген кристалдар жылу мен электр тогын әр бағытта әр-түрлi өткiзедi. Кристаллдың оптикалық қасиеттерi де оның бағытына байланысты болуы мүмкiн.

2.9-сурет

Белгiлi бiр температураға дейiн қыздырғанда (әр заттың өз температурасы бар ) зат қатты кристалдық күйден сұйық күйге өтедi. Осы процесс балқу деп аталады, ал балқуға ұшырататын температурабалқу температурасы деп аталады.

 

Монокристалдар мен поликристалдар. Қатты денелердiң негiзгi түрiне металдар жатады. Олардың да кристалдық структурасы бар. Бiрақ , бiр қарағанда, олардың кристалдық құрылымы не сырт пiшiнiнен, не физикалық қасиеттерiнен байқалмайды. Металдар кәдiмгi күйде анизотропияны анықтай алмайды. Себебi металл көптеген өзара бiтiсiп кеткен кiшкентай кристаликтерден тұрады. Олардың әр қайсысының қасиеттерi бағытына байланысты, бiрақ олар бiр-бiрiне қарағанда ретсiз бағытталған. Сондықтан, көлемi жекелеген кристаликтердiң көлемiнен анағұрлым үлкен металл iшiндегi барлық бағыттар тең және оның қасиеттерi барлық бағытта бiрдей болады.

Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене поликристалдық дене деп аталады, ал монокристалдар деп аталады.

Аморфтық денелер. Кристалдық структурасы бар денелермен қатар табиғатта аморфтық денелер деп аталатын көптеген әртүрлi денелер бар. Олар қатты денелер қатарына жатады, бiрақ оларда кристалдарға тән, стуктураның сол фрагментiндегi барлық бағыттар бойынша қайталанушылық жоқ. Тек көршi атомдар ғана белгiлi бiр тәртiппен орналасқан.

Сұйықтар секiлдi, аморфтық денелер үшiн бөлшектердiң жақынырақ орналасу тәртiбi тән, бiрақ олардың қимылдары (қозғалуы) өте жәй. Аморфтық денелерге шыны, пластмасса, шайыр, смола және т.б. жатады. Барлық аморфты денелер изотропты болып келедi, яғни олардың физикалық қасиеттерi барлық бағытта бiрдей деген сөз.

Сыртқы әсерлердiң нәтижесiнде, аморфтық денелер бiр мезгiлде, қатты денелер секiлдi, серпiмдiлiк қасиетiн және, сұйықтар тәрiздi, аққыштық қасиетiн анықтайды. Бұның мысалы ретiнде әр түрлi смолалардың қасиеттерiн қарастыруға болады. Төменгi температураларда аморфтық денелер өз қасиеттерi жағынан қатты денелердi еске түсiредi. Олардың аққыштық қасиеттерi жоқ дерлiк. Бiрақ , температураның ұлғаю шамасына қарай аморфтық денелер де жұмсарады және олардың қасиеттерi барынша сұйықтың қасиеттерiне жақындай түседi. Бұл мынаған байланысты. Аморфтық денелердiң атомдары немесе молекулалары, сұйық молекулалары секiлдi,өзiнiң тепе-теңдiк күйiнiң маңында тербелiс уақытына ие. Бiрақ , бұл уақыт, сұйықтарға қарағанда, өте көп. Тек температураның өсуiмен ғана, бiр тепе-теңдiк күйден келесi күйге атомдардың секiрiсi бiртiндеп жиiлейдi де, дене аға бастайды. Аморфтық денелердiң кристалдық денелерге қарағандағы бiр ерекшелiгi сонда, олардың белгiлi бiр балқу температурасы болмайды.

%d такие блоггеры, как: