Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, “Абай атындағы орта мектебі” ММ. Спанова Маржан Аргыновна география пәнінің  мұғалімі.


 

Күні:

Тақырыбы:  Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы.

Мақсаттары:  

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?  Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық:  Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, Оқушыны түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Табиғат кешені дегеніміз не?

2.Табиғат кешеніне нелерді жатқызамыз?

3.Тақырыптық карталар не үшін арналған? Географиялық карталар нені қамтиды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақстан  аумағы  2724,9 мың км 2-ге тең.Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі   ең  ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинада кейін 9-орын алада.Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен.Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Недерландия және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс аумағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр.

Қазакстан Еурази материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс аймағы Еуропода, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр.Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – батыс сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін1650 км – ге созылып жатыр

Қазақстан қоңыржай белдеудін орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан.Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінең екінші шетінен айырмашылығы үлкен.мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрык гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық қарлы боран соғып тұрады.Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт жане шөл зоналары қалыптасқан.Қазастан Каспий теңізі арқылы әзірбайжан, Иран ел- деріне, Еділ өзені және Еділ – дон каналы арқылыАзов және Қара теңіздерге шыға алады.Еліміздің көп бөлігі жазық үстіртті болып келеді.

Қазакстан шекарасынын құрлыктағы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам.Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстік Ресеймен шектеседі.Шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғыстанмен шектеседі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақстанның аумағы қаншаға тең?
  2. Жер көлемі жағынан нешінші орында?
  3. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
  4. Қазақстан Каспий теңізі мен Еділ өзені арқылы қандай елдерге шыға алады?
  1. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.§ 2. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Оқып,

мазмұндау.

 

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели