9-сынып  

Тақырыбы. Қазақстанның осы заманғы экономикалық әлеуеті және табиғат ресурстары.

Мақсаттары:  

Білімділік. Қазақстанның дүние жүзі картасында алатын орнын, экономикалық-географиялық жағдайын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.

Дамытушылық.  Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы

Негізгі ұғымдар: географиялық орын, әкімшілік-аумақтық құрылым, облыс, аудан, округ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық әлеует, табиғи жағдай, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі

 

ІІ. Үйге тапсырманы қайталау.

  1. Экономикалық география атауын берген ғалым:
  2. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер:
  3. Қазақстан шаруашылығының кезеңдері
  4. Экономикалық әлеует д/з не?
  5. Экономикалық әлеуетінің құрамдас бөліктері қандай?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

 

Өндірістік және ресурстық әлеуметтер экономикалық кеңістіктің құрамдас бөліктері деп атайды. Шикізаттық проблеманың басқа бір түрі – өнеркәсіп өндірісінің тым артық монополизациялануы салдарынан жоғары шоғырлану көрініс тапты. Қазіргі қазіргі уақытта еліміз экономикасында 16 мың кәсіп орын жұмыс істеп, соның 1,6 %-ы (бұл 250 ірі кәсіпорын) Қазақстан өнімінің 77% -дан астамын шығарады. Қазақстан экономикасында болашақта нақтылы ұлттық экономикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін кей артықшылықтары бар.

Ресурстық әлеует. Минералды ресурстарының саны мен алуантүрлілігінен Қазақстан дүниежүзінде ең бай елдердің қатарына жатады. Қазіргі уақытта салыстырмалы халықаралық бәсекелестік қабілетке Қазақстанның отын-энергетикалық ресурстары (мұнай, газ, көмір), сондай-ақ қара (темір, хромит кені, болат және ферроқорытпа) және түсті металдар қоры (мыс, алюминий, мырыш және қорғасын) ие.

Табиғат жағдайы: Тіршілік үшін табиғаттың рөлі зор. Табиғат жағдайы дегеніміз – табиғат күштері мен нысандары оның сапасы. Табиғат жағдайына белгілі бір жердің шарушылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы, материктегі орны және көлемі, жер бедері, климаты мен су режімі, топырақ жамылғысы жатады. Пайдалы қазбалар , жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдіктер әлемі және жануарлар дүниесі табиғат ресурстанын құрайды.

Минералды ресурстар: Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі – көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан да минералды ресурстарды арзан ашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланады. Қазақстан минералды ресурстардың қоры жөнінен әлемде Ресей, Қытай, Аустралия, АҚШ және Бразилиядан кейінгі алтыншы орында. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 110 элементінің 99-ы ашылып, оның 60-қа жуығы зерттеліп,өндіріске тартылған. Қалпына келмейтін ресурстар пайдалану, тұтыру көлеміне қарамастан таусылады. Белгілі бір ережелерін сақтаған жағдайда қалпына келетін ресурстарды ұзақ мерзім өндіруге болады.

Жер ресурсы. Қазақстанның жер ресурсы орасан зор, оның жылпы көлемі 270,1 млн га құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82 %-ы – ауыл шаруашылығына жарамды жер. Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінде алтыншы орында, ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр.

Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар бір келкі таралмаған. Климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзлеріп отырады. Респубикада су ауыл шарушылығында (80%) егістік суаруға, өндірістік және коммуналдық өажеттілерге пайдаланылады. Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен, 48 мыңнан астам көл бар. Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен суқоймалары бар.

биологиялық ресурстар.  Қазастан аумағында өсімдіктердің 5700 -дей түрі кездеседі, оның 14% -ы тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279  түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Республика аумағы орманға өте тапшы, орман алқабы бар болғаны 13 млн га. Бұл барлық аумақтың 4 -ын ғана құрайды. Қазақстан орманының басым бөлігі – сексеуіл ағашы. Ол кзбіне шөлді аймақтарда өседі. Қылқанжапырақты ормандар Тянб-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Алтай тауларын кездеседі. Балықтардың 150 түрі бар. биологиялық ресурстардың ішіндегі негізігсі – балық ресурсы. Каспий теңізінен аса бағалы қызылбалықтың 90%-ы ауланады. Қазақстанда 10 қорық бар. Еліміз аумағындағы табиғат ресурстарының алуантүрлілігі мен оның қорының молдығы – ұлттық мақтанышымыз.

Өндіріс – бұл тұтыну үшін табиғат ресурстарын өңдеу процесі, ал өндіріс факторлары кез келген өндірістің тиімділік нәтижесіне әсер етеді.

Өндірістік факторлар – тауар мен қызмет көрсету өндірісі үшін қажетті ресурстар. Олар дәстүрлі түрде мынадай құрамдас бөліктерге бөлінеді:

– еңбек ресурстары немесе еңбек;

– инвестициялық ресурстар немесе капитал;

– жер ресурстары немесе жер;

– кәсіпкерлік талап немесе кәсіпкерлік қабілет;

– ақпарат немесе ақпараттың ерекше формасы – технология.

Қазақстан экономикасының негізгі салалары: түсті және қара металлургия; отын өнеркәсібі; химия және мұнай химиясы өнеркәсібі; машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; көлік; ауыл шарушылығы.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.

 

  1. Бағалау.

 

VІ. Үйге тапсырма.

  • 6. Қазақстанның осы заманғы экономикалық әлеуеті және табиғат ресурстары.

Оқып, мазмұндау.

 

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели