Асқарова Нағима Төртуылқызы
Арықты орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Қазақстан – менiң Отаным!

Мақсаты: Қазақстан Республикасы бойынша жалпы шолу жасап айту. Оқушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң, патриотизм ұғымының маңыздылығын түсiндiру және көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бiрлiкпен өмiр сүрiп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамыту.
Көрнекiлiгi: Қазақстанның картасы, Республикамыздың жалауы, елтаңбасы салынған плакаттар, Қазақстан халықтары туралы кiтаптар, суреттер.
Барысы:
Кiрiспе:
Мұғалiм: Қайырлы күн құрметтi қонақтар, ата-аналар, қадiрмендi ұстаздар мен оқушылар!
Бүгiн сiздер 5-«а» сыныбының «Қазақстан – менiң Отаным!» атты ашық тәрбие сағатына келiп отырсыздар.
Қазақстан Республикасы алуан ұлтты бауырына, бейбiтшiлiк пен татулықты әлемге үлгi еткен достықтың, ынтымақтың елi. Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкiлдерiнiң тату-тәттi өмiр сүруi де осының айғаы болса керек.
Ерсiн: Қазақстан территориясы бойынша дүниежґзiнде 9- орын алады, ал ТМД бойынша 2- орынды алады. Қазақстан аумағы 2,7 млн. шаршы шақырым. Қазақстан территориясы пайдалы қазбаларға бай.
Қазақстан мемлекетiнiң тарихи даму жолын айқындайтын өз рәмiздерi – Елтаңба, Жалау және әнұраны бар. ҚР-ның азаматтары, сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын халықтар Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерiн құрмет тұтуға мiндеттi.
Мұғалiм: Қалыптасқан ұғым бойынша елiн, жерiн сүйiп, соған шексiз берiлген адамды бiз әдетте «Патриот» деймiз. Расында да «патриот» деген сөздiң мағынасы терең. Кеңестiк заманда коммунистiк идеология «Советтiк патриотиздi» барынша насихаттап, санаға сiңiруге тырысты. Қазiр заман өзгердi. Елiмiз тәуелсiздiк алды. Бүгiнгi ұрпақтың көзқарасы қандай? «Патриот», «Қазақстандық патриотизм» деген сөздiң мағынасын терең ұғыну үшiн төмендегi сұрақтарға ата-аналардың пiкiрлерiн айтудан бастаймыз.
Сұрақтар:
«Патриотизм» дегендi қалай түсiнемiз?
Патриотизм деген гректiң отан, отандас, туған жер деген сөзi. Бiздiң Отанымыз Қазақстан. Тәуелсiздiкке қол жеткiзген. көп ұлтты республика. Кең байтақ жерi, қазақстандық Туымыз, әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Бұл мақтанышты Қазақстан патриотизмiн оятудың бiр көзi деп бiлемiн.
Патриотизм дегенiмiз бiрiншiден, өз тарихымызды,екiншiден, өз тiлiмiздi құрметтеу болмақ. екіншiншiден ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрiмiздi, әдеп-ғұрпымызды бiлген жөн. Төртiншiден, Абай атамыз айтқандай ұлттық қадiр-қасиетiмiздi арттыруымыз керек.
«Қазақстандық патриотизм» дегендi қалай түсiнемiз? Екiнiң бiрiн патриот деуге бола ма?
Қазақстандық патриотизм ұғымы бiздiң тәуелсiздiгiмiзбен қоса туған жаңа сөз болып, елiмiздегi саяси-әлеуметтiк ахуалдың ерекшелiгiн көрсетедi. Қазақстанда 130-дан астам ұлт бар, ұлттар қазақ халқынының салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын құрметтеп түсiнбесе, олардың ұлттық болмысында сүйiспеншiлiк, ұғынушылық болмаса, онда ұлттар арасында патриоттық сезiм оянуы мүмкiн емес.
Қазақстандық патриотизм ұлттық тiлiмiздi, дiнiмiздi сақтауға кедергi жасамай, қайта қолдап жатса ол да бiр адалдық, достық. Әлемдiк олимпиадаларда қазақтармен қоса қазақстандық өзге ұлт өкілдері де зор мақтанышпен Қазақстан туын желбіретті. Ұлы Отан соғысында елiн жаудан қорғау үшiн күрескен батырларымыз қаншама? Әлия, Мәншүк, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов. т.б.
Патриот болудың негiзгi 4 шарты бар:
Отанын, жерiн қорғау.
Өз ұлтының ана тiлiн ардақтау.
Ұлттық дәстүрдi сақтау
Ұлтаралық интернационализм идеясына адал болу.
Осы төрт шартты орындап жүрген әр азаматты патриот деуге болады.
Нағыз патриот деп кiмдердi айта аламыз?
Қазақ жерiнiң барлық патриоттарын тiзiп, атап шығу мүмкiн емес. Олар миллиондаған адамдар. Қазақ жерiнiң данышпан ойшылдары, ел қорғаған ұлы сарбаздарын көптеп айтуға болады. Мысалы, ұлы Отан соғысының ардагерлерi, 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан қазақ жастары, мерейiмiздi өсiрген олимпиада шеберлерiмiз. Сондай-ақ, Д.Қонаев, мәртебелi Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаев нағыз патриотты ер-азаматтарды атауға болады.
Патриоттық сезiмге тәрбиелеу керек пе, әлде бұл қанға сiңген қасиет пе?
Тумысынан патриот боп ешкiм тумайды. Патриотизм қанға сiңген қасиет
емес. Қанға сiңген қасиет деген не?. Ол жаңа туған нәрестенiң дыбыстауы, жылауы, күлуi, жүруi. Бұлардан басқа сырттан сiңетiн қасиеттер де бар. Олар: оқу, үйрену, өнер, уәделшiлдiк, тұрақтылық. Мұның бәрi қанға тәрбие арқылы берiледi. Патриотизм – ақыл, ой-сананың салтанаты, табанды тәрбиенiң жемiсi. Патриоттық сезiмге тәрбиелеу керек, ол отбасынан, балабақшадан басталып, мектеп, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар әсерiнен қалыптасады.
Ерлiк рухы, отаншылдық, ұлттық намыс патриотизммен қалай қалыптасады?
Ерлiк – адам рухының күшi, сол күштiң шырқау шыңы. Отаншылдық
адамның туған ел мен өскен жерiн шексiз сүюi. Отаншылдықтың екiншi аты патриотизм. Ал ұлттық намыс – жеке ұлттың өзiндiк моральдiк кодексi.
Адам бойындағы қазақстандық патриотизм сезiмiн қандай iс-әрекетiнен көремiз:
1/. Отанын, жерiн қорғау.
2/. Өз тарихын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын бiлу.
3/. Қазақстандық Туымыз, әнұранды, Елтаңбамызды құрметтеу.

Мақсат: Кеңбайтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкiлдерi татулықта өмiр сүруде.
Нұрлан: Халқымыздың тынымсыз еңбегiнiң арқасында ел еңсесi көтерiлiп келедi. Сондықтан, достық мерекесi бәрiмiзге де қастерлi күн.
Ия, бiздiң туған жерiмiз, алтын бесiгiмiз Қазақстан кең байтақ. Бiр шетiнен екiншi шетiне жету үшiн құс қанаты талады.
Ерсiн: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар елiмiздiң ашық аспаны мен көкшiл туының астында бейбiт өмiр кешiп жатыр. Қазақстанның ынтымақ, бiрлiгi үшiн бiз шаттанамыз.
Қарлығаш: Бiздiң сәби жүрегiмiз бейбiтшiлiктi қалайды. Бәрiмiз бейбiтшiлiктiң туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайық!
Еламан: Елiмiздiң барлық жерiнде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, кәрiстер, татарлар, украиндер, шешендер, дүнгендер және басқа көптеген ұлттарды ынтымақ пен бiрлiкте еңбек етiп, тiршiлiк етуде.
Барлығы : «Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз!»
Ерлан: Бұл халықтардың бәрi де түрiне, нәсiлiне қарамастан теңдей бiлiм алып Қазақстан Республикасының Ата Заңы негiзiнде өздерiнiң отанына айналған қазақ елiне барынша қызмет етiп, ел бiрлiгiнiң негiзiн қалап келедi.
Айзада: Қазақстан елiнiң Көк байрағын әлем чемпионатында желбiреткен Илья Ильин, Мая Манеза. Қазақ тiлiн ана тiлiндей жетiк меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Н. Лушникованы мақтан тұтамыз.
Гүлназ: Ия, кiндiк қаны тамған жерiнiң қадiрiн түсiнiп, сондағы жергiлiктi ұлттың мәдениетi мен дәстүрiн мойындап келген Қазақстандық бауырларымыз бүгiнде қазақ тiлiн қазақ халқынан кем бiлмейдi.
Кең пейiлдi қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкiлдерi қазақ жерiн «Отаным» дейдi.
Ерсiн: Отанды бiз Атамекен
Деп аялаймыз,
Өйткенi оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отан деген –атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан –ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!
Мақсат: Отан –атам,
Отан – әкем!
Осы сөзiм қате ме екен?!
Қате болса,
Неге бiздер –
Деймiз оны Атамекен?!
Қарлығаш: Отан- әжем,
Отан- анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Мақсат: Көп аузымнан түспейтiн,
Отан деген немене.
Оның тұлға түс кейпiн,
Достым бiлгiң келе ме?

Гүлназ: Отан – сенiң ата-анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан – өлең, Астанаң.
Отан- аудан ауылың.
Ерлан: Отан – тарих, Отан – тiл
Жасаған елiң өз халқың.
Отан – өлең, Отан- жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Айзада: Отан – досың, достарым,
Көңiлге мұны түйе бiл.
«Отан» деп өс жас қауым.
Оны ардақтап, сүйе бiл.
Ботагоз: Қазақ елi – қашаннан да жыр елi
Тарихында тұлғалар көп киелi.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бiрнеше ұлт бiрге өмiр сүредi.
Жандос: Бiр-бiрiмен тату-тәттi тұрады
Бәрiнiң де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебiренген сәттерде
Ағылады өлең-жырдың бұлағы.

Е.Хасанғалиевтiң әнi «Атамекен».
Арман: өзiңдiкi –елiң де
өзiңдiкi – жерiң де
Өзiңдi-өзiң еткен бақ
Тәуелсiздiк – төрiнде.
Әсем: Асқар тауда – сенiкi
Бақша-бауда сенiкi
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенiкi.
Қарлығаш: өзiндiкi –туың да
От пен ауа-суың да,
Жаса, Қазақстан!
Белдi бекем буын да.
Айзада: Ең бiрiншi бақытым – халқым менiң,
Соған берем ойымның алтын кенiн.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менiң.
Нұрлан: Бақытым бар екiншi – Отан деген,
«Кiм мықты?» десе бiреу – «Отан» дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай –ақ кел дағы от ал менен.
Ия, Отанға, туған жерге деген махаббат, шексiз сүйiспеншiлiк, ұрығын балаларымыздың бойына себе бiлу – бiздiң қасиеттi борышымыз.
Қазақстан жағдайын жақсартатын әрi Қазақстанның болашағы – сендерсiңдер балалар!
Құлақтан кiрiп бойды алар,
Жақсы ән мен тәттi күй,
Көңiлге түрлi ой салар,
…Әндi сүйсең, менше сүй, – дегендей әнге кезек берсек.
«Туған жерiм – Қорғалжын». Сөзi мектебiмiздiң қазақ тiлi мен әдебиет пәнiнiң мұғалiмi Т.Кәрiбаевтiкi, әнi музыка пәнiнiң мұғалiмi Н.Оспановтiкi.

%d такие блоггеры, как: