Ньютонның І заңы

Опубликовано Опубликовано в рубрике Механика
Текст түріWord

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

Әбдіғаппар ауылы,

№213 “Қыркеңсе” орта мектебі физика пәні мұғалімі Әкімбаев Бауыржан

Эл пошта:  baur_81@mail.ru

 

Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты § 10 Ньютонның І заңы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты
  • Ньютонның І заңы жайлы мағлұмат беру
  • Ньютонның І заңын күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету
  • Топта   бағалауға  баулу
Күтілетін нәтиже
  • Ньютонның І заңы жайлы мағлұмат алады
  • Ньютонның І заңын күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйренеді
  • Топта   бағалай алатын болады
Негізгі  идеялар Берілетін ұғымдар: санақ денесі, санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы.

    Қозғалмайтын деп қабылданған дене – санақ денесі деп аталады.

    Санақ денесі, онымен байланысқан координат  жүйесі мен синхрондалған сағаттар жиынтығы санақ жүйесі деп аталады.

     Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді.

Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп аталады.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Джигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу
  1. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
  1. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Үдеудің қандай түрлерін білеміз?
  1. Дененің шеңбер бойымен қозғалысы барысында центрге тартқыш үдеу болады деп ойлайсыңдар ма?
  1. Олай болса центрге тартқыш үдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
  1. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
  1. Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
  1. Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Ньютонның І заңына мысал келтір?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Ньютонның І заңы дегеніміз не?  
2 Түсіну Санақ жүйесі мен денесі дегеніміз не?  
3 Қолдану Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?  

 

4 Талдау  Вагон ішіндегі адамды екі санақ жүйесінде   салыстыр?  

 

5 Жинақтау Ньютонның І заңына күнделікті өмірмен байланыстыра мысал келтір?

 

 
6 Бағалау Дененің  орын ауыстыруында Ньютонның І заңының   маңыздылығы қаншама?  

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Шағын эссе жазу
Кейінгі оқу §10 Ньютонның І заңы