Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі сабақ жоспары

Опубликовано Опубликовано в рубрике Механика
Мәтінword

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

Әбдіғаппар ауылы,

№213 “Қыркеңсе” орта мектебі физика пәні мұғалімі Әкімбаев Бауыржан

Эл пошта:  baur_81@mail.ru

 

 

Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты §13.14. Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты
  • Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі жайлы мағлұмат беру
  • Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
  • Топта    бағалауға  баулу
Күтілетін нәтиже
  • Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі жайлы мағлұмат алады
  • Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйренеді
  • Топта    бағалай алатын болады
Негізгі  идеялар Ньютонның үшінші заңы:

әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

Ғ1=-Ғ2.

Әрекет және қарсы әрекет әр түрлі денелерге түсіріледі, сондықтан олар ешқашан теңеспейді. Және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға болмайды, қосуға болмайды. Бұл күштердің ерекшелігі екі күштің де табиғаты бірдей. Күш бір денеге түсірілегн жағдайда ғана теңеседі. Мысалы:

 

Тапсырмалар

 

Топтық  жұмыс «Джигсо»
Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман»
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу
  1. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
  1. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Ньютонның екінші заңы не  жайында айтылған?
  1. Күштің қандай түрлерін осы уақытқа дейін өттік?
  1. Дене массасы жайында не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Ньютонның ІІІ заңы қалай тұжырымдалған?
  1. Салыстырмалы принцип дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) берілген тапсырманы орындау

Кез-келген дене қозғалысына мысал келтіру?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Ньютонның ІІІ заңы дегеніміз не?  
2 Түсіну  Ньютонның ІІІ заңының формуласын жаз?  
3 Қолдану Шамасы F1  = 3 болатын  күшпен дененің бір нүктесіне әсер етеді. Осы күшке кері қандай күш әрекет етеді?  

 

4 Талдау Қозғалыстағы дене мен тыныштықтағы денені салыстыр?  

 

5 Жинақтау Гантель көтеріп тұрған баланы түсіндір?

 

 
6 Бағалау Денеге күш түсіргенде Ньютонның ІІІ заңының   орындалуының маңызы қаншама?  

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Шағын эссе
Кейінгі оқу §13.14. Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі