«Сандар әлемі»

Опубликовано Опубликовано в рубрике математика

Білім  беру  саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекет: Қарапайым  математика

Тақырыбы: «Сандар әлемі» 

Мақсаты:Сандар әлемімен таныстыру.1- ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау.Сандарды меңгеруге арналған тапсырмаларды  ойын,ойлау арқылы орындау.Есте сақтау қабілетін,ой-өрісін дамыту.Танымдық,шығармашылық белсенділігін арттыру.

Билингвальды компенент: Сандар-цифры.

Сөздік жұмысы: Сандар.

Әдіс тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,мадақтау.

Қажетті көрнекіліктер:Сандардың суреттері,сандар,үлестірмелі материал,жұмыс дәптері,қарындаш

Жаңа технологияның қолданылуы: слайд.

 

 Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық-қозғаушылық Психологиялық сәт:

-Балалар, көңіл- күйлерің қалай?        -Біздерде, бүгін ерекше күн болғалы тұр. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Алдымен қонақтармен амандасайықшы.

-Енді,балалар,шаттық шеңберге тұрып,бүгінгі күнге тілек айтайық.

 

-Жақсы

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Шаттық шеңбер құрады

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

 

 

Ұйымдастырушы-ізденушілік

 

 

-Балалар,бүгінгі оқу іс –әрекетімізде   «Сандар әлемімен»таныс боламыз.                               Сан-математика ғылымының іргетасы дегендей математиканың тілі ол – сандар.Бізді жан-жақтан сандар қоршайды,олар бізге

барлық жерде қажет.Сандарсыз біз уақытты да белгілей алмас едік,заттарды сатып ала алмаймыз,өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз.Сондықтан, сандарды ойлап табу қажет болды.Адамдар санау үшін қол саусақтарын пайдаланған.

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

 -Қыс айының нешінші айы,қай ай?

-Бір аптада неше күн бар ?

-Жарайсыңдар!

-Өте жақсы,ендеше біз сандарды білеміз бе?

-Қәне, сандарды тура және кері санайықшы?

 

-Енді қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтыңдаршы?

 

-Қәне, балалар,сандар туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар!-Енді санамақты кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдерді кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Адасқан сандар»

Шарты:Суретте қанша зат болса,сол санды жанына қою.

Логикалық  сұрақтар:

-Аспанда неше күн бар?

-Бағдаршамда неше түс бар?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Балабақшаға неше күн келеміз?

-Қошақанның неше аяғы бар?

-Әтеште неше аяқ бар?

-Өте жақсы балалар !

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Шапалақты ұрайық.

1,2,3,                                              Жинап алып күш.

Қолды белге қояйық,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Алды, артымызға қарайық,

Орнымызды табайық.

Ауада жазылған санды табу.

1.Әселдің бір добы бар еді,анасы тағы бір доп әкеліп берді.    Әселдің добы нешеу болды?

2. Табақта үш алма ,                     Жерде екі алма,

Қосқанда болады,

Неше алма? 

3.Кірпінің екі шары бар еді,біреуі жарылып қалды.Кірпінің қолында неше шар қалды? 

 

Дыбыс арқылы санды тап.(Столды тықырлату,сылдырмақты сылдырлату арқылы )

Мультфильм тамашалау.

 

Дәптермен жұмыс:

Тапсырма:

(Суреттердің ішінен санды тауып қорша)

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт.

Қыс.

Үшінші,ақпан айы

Жеті

 

 

 

Тура және кері санайды.

 

 

Бір,екі,үш,төрт,бес

Один,два,три,четыре,пять.

One, two, fhree, four, fwe.

Балалар өздері білетін тақпақтар,санамақтар,мақал-мәтелдер айтады.

Айдана:

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Сандарға жол бастап

Ең бірінші тұрмын.

Ержан:

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым

Бірді бірге қосқанда

Мен шығамын қарағым

А.Ерасыл:

Екіден соң әрқашан

Үшінші мен тұрамын

Қағазға  сызып түсірсең

Екі ирек саламын

Гүлден:

З қашанда тақ саны

Жұп болғанға не жетсін.

Төрт дегенің баяғы,

Төрт түліктің аяғы.

Алтынбек:

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Төртеуін бүгіп санасаң,

Табасың оңай бесті.

 

Саян:

1-дегенім бесік,

Шықтым  содан өсіп.

2-дегенім елім,

Далам, тауым, көлім.

3-дегенім үміт,                  Үміт артар жігіт.

4-дегенім төзім,                Төзе білем өзім.

5-дегенім-бақыт,   Бағалайтын уақыт.

 

Арайлым:

Біреу тойып секіреді,     Біреу тоңып секіреді.

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

Досыңды үш күн сынама,

үш жыл сына.

Төртеуі түгел болса,

Төбедегі келеді.

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Бес саусақ бірдей емес.

Гүлден:

Саусақ жаттығуы:

Бас бармақ, балан үйрек,

ортан терек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек.

 

 

Ойынға қызыға қатысады.

 

 

Бір

Үш

Төрт

Бес

Төрт

Екі

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін

қимыл-қозғалыстар арқылы

жасайды.

 

Балалар қызыға қатысады, сұрақтарға жауап береді.

             

(2)

 

(3)

(2)

 

(5)

 

 

(1)

 

 

Балалар тапқырлықтарын көрсетеді.

 

 

Мультфильмді қызыға тамашалайды.

 

Дәптердегі тапсырманы

орындайды.

 

Сұрақтарға жауап береді

 

Балалар қуанады.

 

 

 

 

Рефлексті коррекциялаушы

 

 

Бүгінгі тақырыпта не түсінгендерін, қандай ойын ойнағандары  сұралады.

 

Тәрбиеші балаларды мадақтап, ата-аналарына «қуанышты хабарлама» жібереді.

– Өте жақсы балалар,енді орнымыздан тұрып ортаға келейік.Қол ұстасып жүрек жылуымызды сезініп,бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып,қонақтармен қоштасайық.

 

Шеңберді біз құрайық ,

Қол ұстасып тұрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақтармен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыздар!