Ом, Георг Симон
1787-1854

Ом, Георг Симон, немiс физигi 1787 ж. 16 наурызда Эрлангемде туылды. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi

Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды.

1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi. Мұндағы V – тармақталмаған тұрақты ток тiзбегiнiң бөлiгiндегi өткiзгiш ұштарындағы потенциал айырымы, I – ток күшi, R – өткiзгiш кедергiсi. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестiгiне сүйенiп теория негiздерiнен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi” деген ұғым енгiздi. “Электр қозғаушы күш”(ЭҚК), “өткiзгiштiк” деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi.

Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалiмен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесi болды.

Ом 1854 ж. 7 шiлдесiнде Мюнхенде қайтыс болды.

Рубрики: ғалымдар

Похожие записи

ғалымдар

Вильсон Чарлз Томсон Риз

Вильсон Чарлз Томсон Риз 1869 – 1959 Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. Подробнее…

ғалымдар

Нильс Бор

Нильс Бор 1885 – 1962 Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында Подробнее…

ғалымдар

Менделеев Дмитрий Иванович

Менделеев Дмитрий Иванович 1834 – 1907 Орыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И. Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады. 1855 – 1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857 Подробнее…

%d такие блоггеры, как: