№ 2 лекция

 

 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ: МӘНІ, МАҚСАТЫ, МАЗМҰНЫ

Жоспар:

1. «Іс-әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы

2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні

3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы

4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты

5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны

 

Мақсаты: педагогикалық іс-әрекет туралы; мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетінің мәнің, мотивациясының, мақсатының, мазмұның ролі туралы білімді қалыптастыру.

 

Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды (6-сұлбаны қараңыз). Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет:

– адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады;

– адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады;

– адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады;

– адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

– ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады;

– қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады (Смирнов В. И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 1999. С.165).

Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:

пәнділік – ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);

әлеуметтілік – адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.

саналылық – іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).

Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.

Қажеттілік – аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.

Мотив – қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).

Мақсат – күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.

Есеп – қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156).

Әрекет – іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога/ Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).

Операция – берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.

Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.

Адам іс-әрекеті – оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті «материалмен» қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет – тұлғаның өздігінен «өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық,  еңбек және басқа да – бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.

Іс-әрекет – субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:

танымдық – ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;

еңбектік – материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;

көркемдік – көркем бейненің қабылдануы, интерпретациялануы, қайта қалпына келуі, тасымалдануы;

қоғамдық – қоғамдық-құндылықты идеялар декларацияланады, жайылады, таратылады.

Егер іс-әрекет объектісі болып басқа субъект шықса, онда берілген іс-әрекетті қарым-қатынас, ал оның құрылу формасын – қимыл, қылық деп атайды.

2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні

 

Педагогикалық іс-әрекет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.

Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.

Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы – тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.

Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады.

Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсінуге ыңғайлы болу үшін жүйелік ыңғайды қолданып, мұғалімнің іс-әрекетін педагогикалық жүйенің бір түрі ретінде елестетейік (7-сұлбаны қараңыз).

 

3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы

 

Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар – бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.

Мотивация түснігін бір ғалымдар «тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған нәрселердің жиынтығы» ретінде тапшылайды. Басқалары, біз де олардың көзқарасына қосыламыз, мотивацияны мотивтердің әрекетінің үрдісі, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.

Б. Н. Додонов 4 құрылымды құраушыны бөліп шығарған, мотивация құрылымы қызығушылық туғызады: іс-әрекеттің өзінен ләззат алу, тікелей нәтижесінің тұлға үшін мәнділігі, іс-әрекет үшін марапаттылықтың мотивациялайтын күші, тұлғаға күштеу қысымы.

Мотивацияның жалпы аспектілері жайлы әңгімені аяқтай отырып, А. Маслоудың «қажеттілік үшбұрышын» келтірейік. Онда, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интербелсенді тәуелділігі, ал басқа жағынан – оның өздік бекіту мен байланысқан танымдық, когнитивті табиғаты (8-сұлбаны қараңыз).

Жоғарыда аталғандай, педагогикалық мотивацияны, бір жағынан іс-әрекеттің мотивтер әрекетінің үрдісі ретінде, басқа жағынан, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.

Мотивациондық бағыттар ретінде мұнда сыртқы мотивтер (мысалы, жету мотиві) және ішкі мотивтер (мысалы, үрдіске бағытталу мен іс-әрекеттің нәтижесі) шығуы мүмкін болады. Сыртқы мотивтер:

белгілі бір оқу мекемесінде жұмыстың қадірлігі;

жеке және маманды өсу мотивтерімен сәйкестендірілген еңбек ақысынң дұрыстығы;

өзін-өзі бекіту;

Сонымен қатар, мазмұны үлкен мен баланың өзара әрекеттесуі болып келетін педагогикалық іс-әрекетте доминанттау немесе билік мотиві сияқты бағыттылық пайда болады. Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің біреуі билік мотивін доминанттылық қажеттілік ретінде анықтаған Г. А. Мюррейдің көзқарасына сүйене отырып, билік мотивінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатысы бар екенін шығарды. Ол доминанттылықты қажет етудің және оған сәйкес әрекеттердің негізгі қасиеттерін белгіледі. Доминанттылық қасиеттері немесе қажеттілік эффектілерін келесілерді қалаудан тұрады:

өзінің әлеуметтік айналасын бақылауды;

кеңес, қызықтыру, пікір немесе бұйыру арқылы басқа адамдарды;

басқа адамдарды өзіңнің қажеттіліктерің мен сезімдеріңе сай еліктіру;

олармен серіктестікке қол жеткізуді;

басқаларды өзіңнің ойларыңның дұрыс екендігіне нандыру;

Бұл қалаулардан кейін Мюррей Г. А. Бойынша әрекеттер кетуі мүмкін мына топтарға бөлген.

бейімдету, жүргізу, нандыру, көндіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару жетекшілік ету, қадағалау, бағындыру, басшылық ету, билеу, кемсіту, шарттарды орындау, соттау, заңдарды орнату, нормативтерді орнату;

мінез-құлық ережелерін құру, шешімдер қабылдау;

тыйым салу, шектеу, қарсылық көрсету, айныту, бостандықтан айыру;

сүйсіндіру, баулу, өзіне құлақ түргізу, еліктеушілерді үйіру, сәнді орнату.

(Аминов Н.А. бойынша келтіріледі)

Билік феноменінің теориялық талдау материалы негізінде Н.А. Аминов оның көзқарасынша педагогикалық үрдістегі ең бір маңыздысы билік мотиві көркемдеу үшін келесі түрлерін келтіреді.

сый ақы билігі – күші күтумен анықталады, А (оқытушы) В (оқушының) мотивтерінің біреуін қаншалықты қанағаттандырады және А бұл қанағаттандырушылықты өзінің қалауындағы В мінез-құлқын өзінің қаншалықты тәуелділікке қояды.

жазалау билігі, күші В (оқушының), біріншіден, қандай да бір мотивті фрустациялау (қалап тұрған мақсатқа жетуге ақталмаған және жеңе ала қоймайтын кедергілермен түсіндірілетін тұлғаның іс-әрекеті мен санасының психологиялық күйі)

А (мұғалімнің) А үшін жағымсыз әрекеттер үшін жазалайтын шараны күтумен, екіншіден, А-ның мотивті қанағаттандырусыздықты В-ның жағымсыз әрекетінен қаншалықты тәуелді етіп қоюына байланысты анықталады.

– нормативті билік – А (оқытушы) мінез-құлықтың белгілі бір ерекшеліктерінің сақталуын бақылау мен қажеттілігі туса өжеттенуге хұқығы бар В (оқушымен) шығарылатын нормалар жиынтығымен түсіндіріледі.

– эталон билігі – В оқушыны идентификациялау және А-ға ұқсас болу қалауына негізделген.

– білімдер билігі – күші А-ға (оқытушы) В (оқушы) тарапынан оқылатын пән бойынша ерекше білім, сезімталдылық немесе пән ішінде оқыту машығының өлшеміне тәуелді.

– ақпараттық білім – А (оқытушы) В (оқушының) өзінің үйде немесе мектептегі мінез-құлқының нәтижесін жаңадан көруге мүмкіндік беретін ақпараты бар болғанда орын алады.

Билік мотивіне жас ыңғайын талдау барысында Н. А. Аминов Мак-Клелландтың билікпен мотивтендірудің деңгейін бөліп көрсетумен қатар (ассимиляция, автономдық, өзіндік және өнімділік) әрбіреуін дамуының контексінде интерпретацияланғанын көрсетті.

Осылайша, бірінші деңгейдің негізі «Бір нәрсе маған күш береді» болып бала мен ана қатынасы болып табылады. Билікке бағытталу тұрғысынан өмірдің кейінгі жылдары ол қолдап, қорғап, шабыттандырып, жандандырып, яғни индивидта өзінің күшіне сенімін арттыратын адамдар мен қарым-қатынасты білдіреді.

Екінші деңгей  «Мен өзім өзіме күш беремін» анадан тәуелсіз және өз мінез-құлқына бақылаудың суретіне байланысты балалық шақтың орта шеніне жауап береді.

Үшінші деңгей «Мен басқаларға әсер қалдырамын» енді авторитеттері жоқ, үнемі достарын ауыстыратын, сайысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу мүмкіншілігімен анықталатын жасөспірімді сипаттайды.

Және де соңғы төртінші деңгей «Мен міндетімді орындағым келіп тұр» өмірін қандай да бір іске немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайы ересек адамға сәйкес келеді.

Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау үшін билік мотивінің дамуының соңғы деңгейі әсіресе қызығушылық туғызады. Н. А. Аминов педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың мотивациондық негізінде билік мотиві әрқашан басқаларға бағытталғанын (білім арқылы көмек) арнайы ескертеді. Бұл педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығын болжау үшін де маңызды. Көмек көрсету ретінде альтруистік немесе әлеуметтік мінез-құлық Н. А. Аминов бойынша басқа адамдардың әл-ауқатына мақсатты бағытталған кез келген әрекеттер түсіндіріледі. Бұл позиция басқа негізде және басқа терминдерде болса да, мотивацияның гуманистикалық берілуімен ұйқасып келеді.

Алайда, Н. А. Аминовтың бұл көзқарасы жалғаз емес. П. И. Пидкасистый редакциясы басшылығымен «Педагогика» оқу әдістемесінің авторлары педагогикалық іс-әрекеттің басыңқы мотиві болып қарама қайшылыққа толы бұл өмірге кіруші баланың бақытын аялау, балалық шақтың бақытты өтуіне көмектесуге ыстық ықылас білдіру және адамға гуманистік қатынас білдіру табылатынына кәміл сенімді. Бұл мотив жоғары дәрежеде тәрбие мақсатын қолдайды, Адамға сәйкес өмірді құра алатын тұлғаны тәрбиелеуге үлкен жекелік мән береді. Осы авторлар ескертетіндей «мұндай сипаттағы мотивация педагогқа маманды және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңуге көмектеседі: әлеуметтік ахуалдың өзгеруі; педагогтың қоғамдағы материалдық және рухани жағдайының нашарлауы; жеке отбасылық жағдайдың күрделенуі және психологиялық ширығуының артуы; мектепке әкімшілік жаңартулар мен педагогикалық ұжымда психологиялық климаттың нашарлауы; қиын мінез-құлықты балалар тобының пайда болу және кейбір педагогикалық сәтсіздіктер баланы қоршаған әлеуметтік орта адамгершілігінің төмендеуі мен рухани мәдениеті деңгейінің түсуі» (сонда 76-бет). Педагогикалық іс-әркеттің көптеген басқа да мотивтері бар (ғылыми-педагогикалық қызығушылық, «тіршілік үшін жұмыс істеп күн көру, балалармен қарым-қатынас арқылы рухтың белсенділігі мен жастығын сақтап қалу»).

Педагог іс-әрекетінің мотивациондық-тұтынушық аумағы А. Б. Орлов бойынша оның ценрациясының терминдерінде интерпретациялануы мүмкін. Центрацияда гуманистикалық психология мен педагогикада «оқушы мен оқытушының қарапайым ерекше құрылған эмпатияда, басқа адамды бағалаусыз қабылдау мен конгруэнттілікте, толғаныстар мен мінез-құлықтың біркелкілігіне негізделген өзара әрекеттесуі. Центрация әрі оқушы мен оқытушының жекелік өсуінің, олардың қарым-қатынасының, шығармашылығының жалпы субъективті (жекелік) өсуінің, дамуының нәтижесі» ретінде беріледі.

А. Б. Орловқа сәйкес мұғалімнің жекелік орталықтандырылуы педагог іс-әрекетінің интегралды және жүйеқұрушы сипаттамасы болып табылады. Мұнда дәл айтқанда мұғалімнің центрацияларды бұл іс-әрекеттің стиль, қатынас және т.б. көптеген формаларын анықтайды.

А. Б. Орлов педагогикалық іс-әрекетте жалпы, әрі нақты педагогикалық жағдайларында басыңқы бола алатын жеті негізгі центрацияларды көрсетті:

– эгоистік (өзінің «Мен» қызығушылықтарындағы центрация)

– бюрократтық (әкімшілік, жетекшілер қызығушылықтарына центрация)

– конфликттік (әріптестер қызығушылықтарына центрация)

– авторитеттік (оқушылар ата-аналарының сұраулары, қызығушылықтарына центрация)

– танымдық (оқыту мен тәрбиелеу құралдарының талаптарына центрация)

– альтруистік (оқушылар қызығушылықтарына (қажеттіліктеріне) центрация)

– гуманистік (мұғалімнің өзінің мағынасының қызығушылықтарына және басқа адамдардың (администратор, әріптестер, ата-аналар, оқушылар) мағынасына центрация)

Гуманистік центрация дәстүрлі оқытуды көрсететін центрациялардың алғашқы 6 түріне қарсы қойылады. Осылайша, қарама-қайшылыққа және әртүрлі тенденциялар күресіне толы күрделі де қазіргі заманғы өмірге қадам басқан келер ұрпақ бақытты келешегіне қамқорлық мотиві педагогтың кәсіпқойлығын жоғарылату, өзінің педагогикалық аспаптар қоймасына жаңа әдістер мен технологияларды қосып меңгерудің үнемі талпынысын қамтамасыздандыруға шақырады, мұғалім іс-әрекетіне гуманистік бағыттылық беріп, оның кәсіби өмір ұзақтығына жағдай жасайды. Бұл жайлы «ақыл, жақсылық, мәңгілік еккендер» іс-әрекеті мен қалыпты тіршілігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыздандыратындарға ұмытпау керек.

4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты

Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық элементтерінің бірі, санада, ойлауда іс-әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві. Осылайша, компоненттер (1 мен 6) өзара байланысы мақсаттың анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс-әрекетінің басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен де, мақсатқа жетуге бағытталған педагог іс-әрекеті мақсатпен сәйкес келетін бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған, яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады, және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл-іс-әрекетінің стратегиясын анықтайды. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А. С. Макаренко «үйлесімді тұлға», «адам-коммунист», және т. с. с. тәрбие мақсаттаының аморфты анықтамаларына қарсы шыққан.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын ол тұлға дамуы программасын құру мен жеке түзетулерде көрді.

Мақсатқұрушылыққа мұқият ғылыми ыңғай үшін В. П. Беспалько тұрды. Ол ПЖ-де (педагогикалық жүйеде – В. М.) жүйеқұрушы болатын мақсатқұрушылық пен тәрбиелілік элементі оны анықтау әдісіне байланысты барлық ПЖ-ның бүтінділік немесе борпылдақтық дәрежесіне әсер етеді деп санады. ПЖ дұрыс жұмыс істеу мақсаттарын құруға қажетті және жетерлік талап – олардың диагностикалығы, яғни білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін объективті қамтамасыздандырылуы.

Педагогтың кәсіби іс-әрекетінің мақсаты: қазіргі кезде «Адамға лайық өмір құра алатын тұлға» мақсат жолындағы саты, мақсатты бағытталған іс-әрекеттің аралық нәтижесі (9-сұлбаны қараңыз) ретінде келтірілетін тәрбие мақсаты болып табылады. Мақсаттың жалпы сипаттамасы педагогқа оны жағдайлардың әркелкі келулерінде жүзеге асырып, одан аса жоғары кәсіпқойлық пен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мақсатқа жету біз бен мақсаттың бір бөлігі ретінде түсінетін пайда болған есептерді шешуге бағытталған іс-әрекетте жүзеге асырылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру, тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеу ұжымын құру, жеке тұлға дамуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тек тарихи емес, сондай-ақ динамикалық құбылыс. Қоғам дамуының объективті тенденцияларының шағылуы ретінде пайда болып педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формалары мен әдістерін қоғам қажеттілііктеріне келтіре отырып, ол жоғары мақсат – тұлғаның өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы жылжу программасына келтіріледі.

5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны

Мақсатқұрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсатқұрушылық:

өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті, әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда ойластыру жүйесі;

мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу – бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде аналитикалық бағасы;

нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.

Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып келеді.

Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:

негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім;

білімдерді тасымалдаушылар ретінде оқулықтар мәтіндері немесе оқытушы ұйы

Похожие записи

Кітапхана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ. Екінші деңгей

МАЗМҰНЫ   КІРІСПЕ Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? ………………………………………4 Білім беру мақсаттарына жету жолындағы мұғалімдердің кәсіби дамуы……………6 Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері…………………………………………6 Бағдарламаның мақсаты………………………………………………………………………………….10 Бағдарламаның міндеттері………………………………………………………………………………10 Оқу нәтижелері……………………………………………………………………………………………….11 МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТАРДА ЖАҢАЛЫҚ Подробнее…

педагогика

Педагогтың жеке тұлғасы

Педагогтың жеке тұлғасы   Жоспар: Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар.   Мақсаты: Осы дәріс арқылы студенттердің бойында еріктік, эмоционалды-бағалы қасиеттерінің қалыптасуына жол беру. Барлық жағдай жасау. Педагогтың қоғамда алатын Подробнее…

педагогика

Педагогикалық кәсіби іс-әрекет

жоспар: Педагогикалық іс-әрекеттің мәні. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы.   Мақсаты: Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін талдауда, студенттің өзімдік ерекшеліктерін байқату. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін өз тәжірибесінде қолданыла алуын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс істеуін күшейту, Подробнее…

%d такие блоггеры, как: