Яблочков Павел Николаевич
1847 - 1894

Яблочков Саратов гимназиясында оқып, кейiннен Николаев атындағы инженерлi училищенi бiтiредi. Содан соң Яблочков киевтiк саперлық бригадаға поручик болып түседi, бiрақта көп ұзамай әскерден кетiп, темiр жолдың телеграфының бастығы болды.

1873 жылы Яблочков физикалық құралдар жасайтын мастерскойын ашып: темiржол вагондарында температураны бақылайтын сигналдi термометрдi; поровоздың өзiне бекiтiлген темiржол жолы бойында жарық көрсететiн электрлiк прожектрдi ойлап тапты. Осы кезде Яблочков электротехникамен терең шұғылдана бастады. 1874 жылы ол Императорлық поездiң жолын жарықтандыру жұмысын жүргiздi.

1875 жылы Яблочков Парижге кеттi. Яблочковтың негiзгi еңбектерi мен ашқан жаңалықтары Парижде жасалды. Яблочков қарапайым және тапқырлы шешкен мәселесi электлi жарықтандыру туралы болды.Вольттiк доғаның механикалық регуляторының дұрыс iстейтiнiне үмiттенбеген Яблочков, басқа жолмен алдында тұрған мәселенi шешуге тырысты: доғаның орнына каолин оқшаулағыш затты пайдаланды. Бұл ашылу " Яблочков шамдары " атын алды.

1876 жылы Яблочков шамдары үлкен сұранысқа ие болып, кең ауқымда сатыла бастады.

1876 жылы француздық физикалық Қауымдастықта Яблочков ойлап шығарған электромагнит туралы лекция оқылды, көп ұзамай Яблочков осы Қаумдастықтың мүшесi болып сайланды.