Дипломдық жұмыс Физика сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Опубликовано Опубликовано в рубрике Дипломдық жұмыстар

Баға беріңіз
3
В среднем
  Загружается, пожалуйста подождите yasr-loader

 

Сатып алу

барлық сұрақтар бойынша  +7 77 8980 52 92 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз

немесе sanatezedu@gmail.com поштаға хат жазыңыз.

Мазмұны

 

Қысқаша үзінді:

Кіріспе

 

«Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе,

сонша жақсы әдіс өмір сүреді»

 

Д.Пойя

 

Жұмысымның барысында  жақсы қытай  мақалын есіме түсіруге тырысамын  «Маған айтыңыз –мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз- мен есте сақтаймын, қызықтырып, тартыңыз- мен түсінемін!» Оқушылар  іске шын кірісіп , қатысса  даму нәтижелі болады деп есептеймін.

Адам есте сақтайды:

Оқығанның 10%;  естігенінің  20% ,көргенінің  30%;топтық пікір таластың 50-70%;  өз бетінше мәселені тауып  тұжырымдау 80%; оқушылар  іске шын кірісіп , қатысса 90% , өз бетінше мәселенің қойылуына, шешімді өңдеу  және қабылдау, қорытындылар мен болжамдарды  тұжырымдау.

Ю.К.Бабанскийдің  пікірі бойынша педагогикалық  оқытудың  технологиялық әдісі  – білім беруде  тәрбие мен даму мақсаттарын  жүзеге асыру бойынша оқушы мен педагогтың арасындағы іс-әрекетті байланыстыратын  әдіс тәсілдер. И.Ф.Харламовтың пікірі бойынша оқытудың   әдісі – үйретуші мұғалімнің жұмыстары және оқушылардың әр түрлі дидактикалық  тапсырмаларды орындау барысында  оқу-танымдық іс-әрекеттерін  ұйымдастыруы,  оқыған материалдарын меңгеруге  бағытталған әдіс -тәсілдер.

Оқу қызметінде  пайдаланатын әдіс-тәсілдер, баланың қоршаған ортаны тануына қызығушылық тудыруы керек,   ал оқу  мекемесі мектептің қуанышы болады. Таным қуанышы, шығармашылық, қарым-қатынас.

Әр оқытушы оқыту талаптарын сақтауы  керек:

  • Әдістеменің ғылымилығы
  • Әдістеменің қолжетімділігі,  оқушылардың  психологиялық –педагогикалық  даму  мүмкіндігімен  сәйкестігі.
  • Оқыту әдістемесінің нәтижелілігі, оқушыларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындауға, оқу материалдарын меңгеруге  бағытталғандығы.
  • Инновациялық әдістемені өз жұмысында қолдану үшін,  жүйелі түрде үйрену керек.

Мұғалімнің жұмысында әдістерді дұрыс таңдау  және оны таңдау оған байланысты:

  • Жалпы және нақты оқыту мақсатынан; нақты сабақтың мазмұнына.
  • Уақытқа, оқыған сол немесе басқа материалдарға.
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың танымдық деңгей мүмкіндіктеріне.
  • Оқушылардың дайындалу деңейіне.
  • Оқу мекемесінің материалдармен , техникалық жабдықтармен жабдықталуына,көрнекіліктердің болуына.
  • Мұғалімдердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне,тәжірибелік және теориялық дайындық деңгелеріне,әдістемелік шеберліктеріне, оның жеке сапасына.

Қазіргі заман сабағы – еркін сабақ, қорқыныш пен салмақ салмайды, ешкімді ешкім қорқытпайды, ешкім ешкімнен қорықпайды.

Қазіргі заман мұғалімдеріне қазіргі заманғы сабақ ерекшеліктерін білу қажет:

  • Жақсы орта қалыптасады.
  • Жоғары деңгейде мотивация қалыптасады.
  • Оқыту жұмысының әдістері үлкен мағына береді.

………………………………………..

Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар эртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.

Заманау сабаққы келесі талаптар қойылады:

1.Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту,  олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын  қалыптастыру, оларға осы қатынастар  негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

  1. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ – ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың

……………