Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету

Опубликовано Опубликовано в рубрике Ана тілі

Ш дыбысын  сөзде, буында, сөйлемде  дұрыс айтуға үйрету

 

Білімділік мақсаты: Ш дыбысын  сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Түзетушілік мақсаты:  Оқушылардың сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын, жалпы моторикасын жетілдіру. Ойлау және есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:  Құстарға қамқорлық жасау, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ құралдары: Слайд,  суреттер, қалам, қарандаштар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар бүгінгі сабағымыз «Орманға саяхат» деп аталады.

Қараңдаршы мына суреттен не көріп тұрсындар (құстар)

Жұмбақ шешу

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп

Тоқ-тоқ соғады  (Тоқылдақ)

Тоқылдақ туралы не білеміз?

Артикуляциялық жаттығу  «Тоқылдақ»

Жаттығуды орындау.

Тілдің ұшын қатты таңдайға соққылау.

Тілдің ұшы таңдайға тиеді, ауыз қусынан шықпайды

Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы керек.

Дыбыс жаттығуы

Мынау қандай құс?  (Торғай)

Торғай қандай дыбыс шығарады? (Шиқ- шиқ- шиқ)

Негізгі бөлім

Өлең оқу

Торғай, торғай торғайсын,

Таяу келіп қоңғайсын,

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсын.

Жаңылтпаш жаттау.

Шымшық шып- шып

Шоқып тық- тық

Ұшты шымшық,

Шошып быт- шыт.

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған  жатығулар.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат жасайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып- ұшып алайық

«Құлып»

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр,

Есікті кім ашады,

Қақтық, қақтық,

Бұрадық, бұрадық,

Тарттық, тарттық,

Сосын есік ашылды.

Тапсырма

Шін-шін-шін – ұшып кетті көгер-шін.                  Ыш-ыш-ыш – дәмі ащы бұр-ыш

 

 

 

 

Ша-ша-ша – әжем тоқыған ала-ша                       Шы-шы-шы – өткір жүзді қай-шы

 

 

Шек-шек-шек – көктемде шығады бәйше-шек         Теш-теш-теш – күн шақырады ә-теш

 

 

Шақ-шақ-шақ – Айна ойнайтын қуыр-шақ         Шік-шік-шік – шыршада өсіп тұр бүр-шік

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс    

Қанатты достар

 

Шоқан, Шара  ,  таниды.  адамдарға көп пайда келтіреді.  Олар , құрт-құмырсқа  тауып жейді.  Кіп-кішкентай   табиғатқа үлкен пайда келтіреді. Қыста балалар құстарға қамқоршы болады. Құстар – біздің досымыз!

Сабақты қорытындылау

Нені біледі? дыбыстың артикуляциясын, буындарда,сөздерде анықтайтады.

Қандай түсініктерді игерді?  «Ш»дыбысының сөздерде, сөйлемдерде дұрыс анық айтылуын бекітті.