Күй-жүректің айнасы

Опубликовано Опубликовано в рубрике Пәндер / Предметы

Күй-ол адамның ішкі жан сезімі, жан дүниесі, жүрек толқынының жайы. Осы жайды төл аспабымыз-қара домбыраның қоңыр үніне салып, қос ішегімен шаба не зарлата төгуді – күй дейміз. Қазақ жерінде домбыраның шығуы сонау 9 ғасырлардың шамасына барып тірелетін көрінеді. Сонау Жошы хан тұсында «Ақсақ құлан» нан бастап бүгінгі күнге дейін мыңдаған күйменен күйші домбырашыларға қазақ топырағы бай өлке. Он тоғызыншы ғасырларда өмір сүрген күй атасы- Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Мәмен, Дина, Ұзақ т.б. Бертінгі күйші-домбырашылар: Қали, Оқап, Тастанов, Сүгір, Момбеков, Тілендиев, Ахмедияров Қаршыға, Рыспай Ғабдиев сынды атақты дәулескер күйші домбырашылар өтті. Бұлардың әр қайсысынын жан дүниесі әр түрлі еді. Құрманғазы өз заманының қиын қыстағына тап болып, қайғы-қасіретпенен қуғын сүргінменен, қамауда болып, халқының қамын ойлап зарлаған жан еді. Әлбетте мұндай күйшінің жанынан шыққан күй дүниесі толқулармен қашпақ, зар дүниелер табиғилық. Мысалға: « Кісен ашқан», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Кішкентай» сынды күйлер туған.

Дәулеткерей болса, керісінше: «Құдаша», «Жеңгем сүйер», «Қосалқа» сияқты күйлері шыққан. Күйлерінің атауына қарап күйшінің мәз-мейрам, шаттықта өмір кешкенін көру қиын емес.

Ал енді бертінге келер болсақ, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияровтың шығармалары өзгеше. Себебі замандары басқаша еді. Осыған байланысты жүректен шыққан күйлерде өзгеше. Әсемдікпен, назға толы, романтикасы бар, қалжыңдық мәнермен үн тоғысқан. Мысалға: «Бала мишка», «Әлқисса».

Қаршыға ұстаздың: «Нұрғиса», «Қуаныш», т.бкүйлері бар.

Сөз сонында айтарым-күй күйші жан-дүниесінің айнасы дегім келеді.

Күйменен адам тебіренеді, күйменен емделеді, күйменен іштегісін төгеді.

 

Аты-жөні:  Жетписов Медет Смагулович

Жұмыс орны:  Ерейментау қ. “Балалар музыка мектебі” МКҚК

Лауазымы:  Домбыра сыныбының мұғалімі