Ескертпе
Егер де материал көшірілетін болса, авторды мен сілтемені көрсетуді ұмытпаңыз. Материал авторлық.

Мұратбек Нұрасыл-№ 79 негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы

    Жетекшісі: Әбікенова Сәуле-№ 79 негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі


 

Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,  яғни  батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы  кең  өріс-қонысты  керек  етті. Сонымен қатар  көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария  жағалауындағы  қалалармен  сауда-саттық  қарым-қатынасқа  қолайлы жағдай жасау  маңызды мәселеге айналды. Бұл  қарым-қатынастың оңалуына тек  көшпелі ел  ғана емес  отырықшы аймақтардағы  халықтар да  мүдделі болды.

Осыған байланысты Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер тұрды.  Оның негізгісі: «Шығыс пен батыс  сауда керуен жолы үстіне  орнаған  Сырдария  жағасындағы  Сығанақ,  Созақ, Отырар, Яса  (Түркістан)  т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді» және «Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық  территориясын біріктіру».

Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда  атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларды зерттеуде археологтар үлкен табыстарға жетті. Жаңадан табылғын археологиялық деректер XV-XVI ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп  көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.

ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы, орнығуының бастауын алады деп айтсақ та қателеспейміз. Бізге анықтап беретін ХIII-ХVI ғасырлардағы  шығыс-мұсылман деректерінің мәліметтерінде «Түркістан» деген атауға  ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы  немесе  Сыр өңірі – Дешті  қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады.  Мауереннахр билеушілері де бұл  өңірге аса зор маңызы беріп, оны Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті  де Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында  Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға  созылған күрестер жүргізіледі.

XV ғасырдың  екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі Ноғай Ордасындағы саяси бытыраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады.

Осы кезеңде XV-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс те қолдарына түсіруге дәмелі болды.

Жоғарыда айтылып кеткендей Мұхаммед Шайбани ханның үздік-үздік Қазақ хандығына жасалған жойқын жорықтар жасап және де Сыр өңіріндегі қалаларды өзіне бағындырғысы келді. Бұны айту мақсатымыз Мұхаммед Шайбани ханның көздегені Дешті қыпшақ жерінен Ұлы Жібек жолы басып өтетін Сыр өңіріндегі қалалар. Нақтылай айтқанда Қазақ хандығын саяси, мәдени, қол-өнер, әлеуметтік, ең бастысы экономикалық даму көзі немесе дамып келе жатқан ірі-ірі қалаларын басып алу,өзіне қарату,өз елігіне кіргізуді мақсат етті. Осылайша Мұхаммед Шайбани ханның қазақ еліндегі қалаларына бірнеше жаулап алу әрекеттерін жүргізді. Осымен қоса Шайбани хан өзіне бағындырған қамал, жерлерінне тонаушылық әрекет жүргізбеген, ол өз адамдарын сол жерге басшылыққа  тағайындап кететін, бұның өзі Шайбани ханның саясаты жақсы жүргізгеннін білуге болады. Тағы қосуға болатын дерек: «Бұл жылдың басында Әбді әл-Кәрім орнынан  көтерілгенде, Мағди сұлтан оның қолының қарынан соқты. Оны қолға түсіргеннен кейін шолушы жасақ жайпалды. Самарқанда да, Мырзаның сарайында да болып жатқан аумалы-төкпелі жағдайды көргеннен кейін сұлтандар ерте көктемде Шайбани ханға кетті», – біз бұдан Шайбани ханның  өзінің бәрлік сұлтан мен бектерді және тағы басқаларын біріктіре алатындығын дәлелдейді.

Сыр бойы  калалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат жұмсады. Ең алғаш Қазақ хандығының құрамына қосылған Сырдария жағасындағы  — Созақ және  Сауран  қалалары  болды. XV ғасырдың ақырында Отырар,  Яссы,  Аркөк,  Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады да, Сығанақ,  Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.

Аймақ қалалары ішінде біз қарастырып отырған кезең бойынша үш топқа бөлеміз. Бірінші топқа қазақ хандығы үшін саяси-әкімшіл, сауда, егіншілік, қолөнер, әскери маңызы зор болған қалалар – Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар, Сайрам жатқызылады. Екінші топқа қала-қамалдары саяси-экономикалық рольдері аймақ көлемінде бірінші топ қалаларына қарағанда анағұрлым төмен ретінде – Созақ, Арқуқ, Өзгент, Аққорған болады. Ал, үшінші  топқа жататын қала-қамалдарына – Ашнас, Иаканкет, Қарасман,      Қойған-Ата, Мейрам, Сүткент, Құмкент, Шаға және тағы басқа бекініс-қамалдар жатады.

Сығанақ-қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдың солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасып тұр. Қазіргі кезде қаланың орны – Сунақ-Ата қалашығы.

XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып саналады.

Осы кездегі Сығанақ қаласының тұрғындары туралы Рузбихан «қала аймағындағы қыстақ кенттер мен қала тұрғындарының қазақ хандығына ылғи да жақсы ниетте болып, қақпаларын ешбір қарсылықсыз айқара ашып қарсы алады. Қала тұрғындарының басқарушысы Қазы Садыр  ал Ислам, Шақпақ жүзбегі, Сыдыр-Шайхтар қаланы алуға келген Бұрындық ханға қала тұрғындарын жинап алып «бұрын бұл аймақ Бұрындық ханға қарайтын, сондықтан ешбір қарсылық көрсетпей, қаланы оған берсек дұрыс болады» деп қаланы ешбір қарсылық-шығынсыз берген» деп хабарлайды. Сонымен бірге оның еңбегінде қаланың діни-қоғамдық ғимараттарында Ислам дініне байланысты сұрақ-жауаптар, түрлі жиындар болып тұратындығын, ондай кештерге өзінің де қатысатыны жазылған. Оның Дешті Қыпшақ территориясында сауда орны ретіндегі маңызын  Рузбихан былай суреттейді: «Дешті Қыпшақтың Еділ өзені шегіне дейінгі иеліктері мен жергілікті көпестері… Сығанақ қаласын өздерінің жиналатын орны істеді және осында сауда тауарларын әкелді. Түркістан, Мәуереннахр аймақтарының және Шығыстан Қашқар, Хотан шегіне дейінгі жерлердің көпестері Сығанаққа осы елдердің тауарларын әкеліп, сауда мәмілелерімен айырбас жасайды. Бұл сауда мәмілелері Сығанақта жасалатын болғандықтан, бұл иелік әрқашанда елдерден көпестер келіп тұратын орын болып табылады және онда барлық елдердің байлығы мен тауарлары мол» оларға: «бұлғын мен тиын терісінен тігілген тондар, мықты садақтар мен ақ қайыңнан жасалған жебелер,  жібек маталар мен басқа да қымбат бағалы бұйымдар».

Бұдан біз Сығанақ қаласы ХV-ХVІІ ғасырлар арасында да атақты қалалардың бірі болғанын байқай аламыз. Оны археологиялық зерттеулер де дәлелдеп отыр. «1867 жылы орыс археологиялық комиссиясының тапсырмасы бойынша археолог П.И.Лерх Түркістан аймағындағы ортағасырлық қалаларды қарап шығуға жіберіледі. Ғалым қалада болып, оның қай жерде орналасқаны туралы ақпарат берген. 1899 жылы Түркістан өлкетану бөлімінің меңгерушісі В.А.Каллаур қалаға барлау жұмысын жүргізіп, оның топографиясын сипаттап және қаланың шығыс жағындағы қақпасының алдындағы 100 м жердегі мешіттің жобасын қағазға түсіреді. 1906 жылы қаланы археолог И.А.Кастанье қарап шығады. «1927 жылы Ресей ғылым академиясының жанындағы материалдық мәдениет институтының тапсырмасы бойынша Сығанақ қаласын  А.Ю. Якубовский біршама тыңғылықты қарап шығады. Ол қаланың топографиялық жағына көңіл бөліп жанындағы кейбір керегелері сақтаулы тұрған ғимараттардың суретін түсіріп алған. Қала туралы үлкен ғылыми мақала жазған Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы үшін «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған»  заман туады. Ол Қазақ хандығының астанасы етіп экономикалық маңызы жоғары Сығанақ қаласын сайлайды.

Сондай-ақ XVI ғасырдың ортасы мен соңындағы шайбанилық сұлтандардың Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорықтары аймақ қалаларын қоршауға алумен ғана шектелді. Бірақ та бұл қалаларды алған күннің өзінде Мауреннахр билеушілері онда ұзақ тұра  алғанда, Қазақ әскерлерінің үздіксіз шабуылдары оларды қайта кетуге мәжбүр етті.

Қазақ хандығы аймақтың  қалаларын иелене отырып, оларды XVI ғасырда Мауреннахрға қарсы әскери-тірек  пункті ретінде қолданады. Аймақты түгел иелену – Қазақ хандығына Мауреннахр мен саяси қарым-қатаныстар орнатуда көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. XVI ғасыр басында Ахмет сұлтанның, XVI ғасыр соңында Тәуекел ханның Мауреннахрға жасаған жорықтарының нәтижелері көп жағдайда осы факторға байланысты. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін Мауреннахрмен күрестің себептерінде экономикалық маңыздары да роль атқарды.

Аймақ қалаларында медресе,мешіт және кесенелердің көп болуы XV-XVI ғасырларда мұсылман дініндегі қазақ халқы  үшін аймақтың діни маңызын көтере түседі. IX-XII ғасырларда Дешті Қыпшақ тайпалары арасында мұсылман діні аймақ қалалары арқылы тарады. Қожа Ахмед Яссауи құрметіне арнап, оның жерленген жеріне XIV ғасыр соңында кесененің салынуы Яссы (Түркістан) қаласымен қоса, бүкіл аймақтың діни орталық ретіндегі рөлін Дешті Қыпшақ тайпалары алдында өсіреді.

XV ғасырдағы қазақ хандығының  Түркістан аймағы үшін күреске келер болсақ, ол тек Түркістан қаласы үшін емес, Сыр өңірін көп иеліктің болуын, тез арада әлеуметтік, экономикалық, әскери, этникалық және мал шаруашылықтан орнықтыру үшін болған еді. Түркістан аймағы үшін күрестің алғашқы кезеңі қарсаңында, яғни XV ғасырдың 70-ші жылдарында Дешті Қыпшақ, Моғолстан және Мауреннахрдағы қалыптасқан саяси жағдайлар қазақ хандығы үшін өте қолайлы болды.

Түркістан аймағының XIV-XVI ғасырларда гүлденуіне оның Дешті қыпшақпен экономикалық байланысты ықпал етті. Қолөнер  өндірісі дамыған Отырар қаласының әртүрлі тұтыну бұйымдары аймаққа, сондай-ақ Дешті Қыпшақ жеріне тарап, өткізілді. Ал аймақтың тоқымашылық, тігіншілік, былғары иелеу секілді кәсіпшілігіне шикізат тек қана Дешті Қыпшақтан келіп тұрды. Ибн Рузбихан мәліметтерінде отырықшы қарым-қатынасы нәтижесінде әшекейлі заттар, кілемдар мен киім-кешектер, алтыннан және күмістен жасалған бұйымдар алатындығы туралы айтылады. «Қазақтардың саудагерлері үнемі мұсылман елдеріне барған еді және барып тұратын, сондай-ақ мұсылман елдерімен саудагерлері оларға да үнемі барады», – деп жазады «Михман наме-йи Бухара» авторы Дешті Қыпшақ пен Түркістан, Мауереннахр арасындағы экономикалық байланыс туралы.

Ғасырлар бойы көшпелі өмір мен отырықшы өмір арасындағы обьективті экономикалық байланыстар екі жаққа да тиімді болды, екі жақтың ішкі экономикалық өмірлерінде үлкен роль атқарды. Экономикалық байланыстардың субьективті түрде үзілуі заңды түрде қарсылықтар туғызды. Мухаммед Шайбани ханның XVI ғасыр басында қазақтармен экономикалық байланысты үзу туралы жарлығына қарсы, қазақтар тарапынан қарсы әрекет жасалды.

Түркістан аймағы XV-XVI ғасырларда діни орталық ретінде, діни білімдар мен білімпаздардың шоғырланған жері ретінде Дешті Қыпшақтардың діни қажеттіліктері мен сұранымдарын өтеп отырды және зор маңыз атқарады.

XV-XVI ғасырларда Созақ қаласы аймақтық Дешті Қыпшақпен түйіскен жерінде, Сыр бойындағы қалаладан анағұрлым алшақ орналасты. XV ғасыр соңында Созақ қаласы мен оның өңірлерінде Жәнібек ханның ұлы Махмуд сұлтан билік жүргізеді. Созақ және оның төңірегіндегі тұрғындардың Махмуд сұлтанның әскер жию туралы жарлығына тез үн қатуына қарағанда, тұрғындардың көпшілігі қазақтар болған, Ал Л. Б. Ерзакович тапқан Созақ ыдыстарында қазақ ру-тайпаларының таңбасы өте заңды құрылыс.

Қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы-егіншілік өңірлерімен сауда байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылуы жатты.  Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату, егіншілік аудандардан салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың  экономикалық маңызын өсіре түстеді. XVI ғасыр соңында аймақ территориясы түгелімен Қазақ хандығының құрамына өткенде Қазақстанның басқа аймақтарымен байланысы одан әрі тереңдей түседі. Қ. М. Байпақов аймақ жерінен Орталық Қазақстан далаларына жаңа дәуірге дейін жұмыс істегенін жазады.

Тұтастай алғанда Түркістан аймағы мен Дешті Қыпшақ арасындағы экономикалық байланыстар екі жақ үшін де үлкен роль атқарады. Екі аймақ біртұтас экономикалық жүйе ретінде қалыптасып, бір-біріне тәуелді болады. XVI ғасырдың соңында аймақтың Қазақ хандығына енуі осы экономикалық қажеттіліктерден туындаған деп санаймыз.

Сыр өңірі қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда экономикалық, шаруашылық, саяси, діни-мәдени, әскери-стратегиялық, этникалық рольдері ерекше өмірлік маңызы бар аймақ деп есептейміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Қазақстан тарихы:Лекциялар курсы. /Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев;Редакциясын басқарған Қ.С. Қаражан.  – Алматы: Қазақ университеті,  200–216 б.
  • Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. т. ғ. д. ғыл. дәр. диссерт. Автореферат. Алматы, 2010. – 40 б.
  • Жолдасбаев С. Ортағасырлық Сығанақ қаласы (Х-ХҮІІІ). Көмекші оқу құралы. Түрлі-түсті суреттермен. – Түркістан: «Тұран», 2010. – 224 б.
  • Материалы по истории Казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата: «Наука», 1969.– 347с.
  • Құдайбердіұлы Ш.Қ. Түрік-қырғыз һәм хандар шежіресі. –Алматы: Қазақстан және Сана, 1991. -80 б.

Похожие записи

Мақалалар

МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНДЕ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

   МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНДЕ ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ  АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ     Қазақстанда білікті маман, парасатты жеке тұлға даярлаудың нәтижелі болуы студенттің қабілеттілігіне, оның ішінде шығармашылық қабілетін дамыту дәрежесіне тәуелді келеді. Бүгінгі жаһандану, ғаламдану кезеңінде Подробнее…

Тарих

1837 – 1847 жылдардағы Кесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс.

Сугирова Нурсулу Берикбаевна № 10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ – түрік лицей интернеты. Қызылорда қаласы. Похожее

Мақалалар

Қазалы ауданы еңбекшілерінің майданға көмегі

Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп Маханбетжанқызы Бегіманасұлу-тарих пәнінің мұғалімі Похожее

%d такие блоггеры, как: