ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН                 

 

ХІІІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

І.Моңғол шапқыншылығы

ІІ.Алтын Орда. Ақ Орда

ІІІ. Моғолстан.Әмір Темірдің жорықтары.

ІҮ. Ноғай Ордасы. Батыс Сібір хандығы.

Ү. Әбілқайыр хандығы.

МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

Моңғол империясының құрылуы:

1. Моңғол империясының негізін қалаған Шыңғысханның туған жылы:1155(1162)

2. Шыңғысханның бала кезіндегі аты:Темүжін

-Шыңғысхан Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған, Шыңғысхан моңғолдың  боржігін (*қият) тайпасынан шыққан. Темүжін 9 жасқа толғанда әкесі татарлар қолынан қаза табады.

3. Моңғол ханы Шыңғысханды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы: Торы (Тоғырыл, Ван );

4 .Керей хандығы мен моңғол тайпаларының арасында жақсы қарым –қатынас орнағандығы туралы баяндайтын тарихи еңбек: «Моңғолдың құпия шежіресі»

-/1206 жылы моңғол шонжарларының құрылтайында ұлы хан болып Шыңғысхан сайланып Моңғол мемлекеті құрылды/

-/ Жеке дара билікке жету үшін Шыңғысхан 20 жыл күрес жүргізді.

5. Моңғол империясының  негізін қалаған: Шыңғыс хан;

6.  Моңғол империясының құрылған жылы: 1206жылы;

7. Шыңғысхан әсери феодалдық Моңғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғ.басы

  1. Шыңғыс ханның ел билеуі: 1206- 1227жж.

9.Шыңғысханың тұсындағы Моңғол империясының астанасы: Қарақорым  

 

Қоғамдық құрылысы

-Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.

10. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.:  3 қанатқа

* Оң қанат-Барунгар, орталық қанат- Кул, Сол қанат –Жоңғар

11. Моңғол импреиясындағы (үш қанат) әкімшілік түмендер саны: 92

*Түмендер аймаққа бөлінді.

12. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскер саны: 10 000

13. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл: Кешіктен

14.  Моңғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса)

І.Бөлімде: Шыңғыс ханның нақыл сөздері

ІІ.Бөлімде: Әскери, азаматтық істердегі орындауадғы жалпы заңдар және жазалаудың түрі ережелері.

  1.  «Жасақ» бойынша өкімет билігінің  жоғарғы органы: Құрылтай

*Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылды.

 

Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

16.  Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын бағындырған Шыңғысханның баласы: Жошы (1027-1208жжылдары жаулап алды)  

17. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, Тұрфан кнәздіктерін  өзіне қаратып, ұйғырларды

 бағындырды: 1207- 1209

18. Шыңғысхан әскерінің Қытайды басып алған уақыты: 1211-1215(Солтүстік аймағын- Құбылай)

19. Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: соғыс техникасын

20. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырды: Жебе ноян

21 .Жебе ноян бастаған моңғол әскері Жетісу халқын  өзіне тарту үшін: Діни қысым көрсетпеу ұрнанын желеу етті

22. Моңғолдар Жетісу жерін бағындырды: 1218ж

23. Моңғол шапқыншылығынан кейін Жетісудағы 200- ден астам елді мекенінен қалғаны: 20

* «Жуас қала» атанған қала: Баласағұн

24. Шыңғысханның  Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасауына түрtкі болған оқиға: Отырар апаты

25. «Отырар апаты»- 1218 жылы 500 түйе мен 450 адамды Қайыр хан тыншылар деп айыптап өлтіруі

 

*Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанда ірі (күшті) мемлекет: Хорезм

26. Шыңғысхан 150 мыңға жуық қолымен Ертістен Сырдарияға қарай бет алды: 1219 жылы күз

27. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қоршауға алған қала: Отырар

*Бұхарға беттеген Шыңғыс хан Отырарды алуды жүктеді: Шағатай мен Үгедей

28. 1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған: Жошы

29. 1219 жылы Бұқара қаласыHа бет алған Шыңғысханның кіші баласы: Төле

30.Отырар қаласы моңғолдарға неше ай берілмеді: 6 ай (5 ай- Рабад, 1 ай- Цитадель

  1. Отырар билеушісі Ғайыр ханның моңғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: Жақтастарының сатқындығы (Қараша қажип)

32. Шыңғысхан әскеріне үш ай бойы қарсылық көрсеткен қала: Сығанақ

33. Шыңғысхан әскеріне 15 күндей берілмеген қала: Ашнас

34. Сыр бойындағы қалалардың толығымен  моңғолдардың иелігіне өту уақыты: 1219-1220жж

*Қазақстан аумағы толығымен Шыңғысханның империясының құрамына кірді:  1224ж

 

***Ұлыстардың құрылуы                                                                                                                                       

*Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Қазақстан жері Шыңғысханның үш баласының қол астына қарады.

35. Шыңғысханның үлкен балссының ұлысы- Жошы ұлысы Ертістен шығыс Еуропаға дейін, Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал маңы, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі.

36. Шыңғысханның екінші баласының ұлысы- Шағатай ұлысы: оңтүстік және Оңтүсітк Шығыс Қазақстан(Жетісу), Орта Азия, Шығыс Түркістан

37.Шағатай ұлысының орталығы: Алмалық

*Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер Іле бойындағы Құяш

38.Шыңғысханның үшінші баласының ұлысы- Үгедей ұлысы: Батыс Моңғолия, Алтай- Тарбағатай, Етістің жоғарғы ағысы

*Үгедей ұлысы жойылған жыл: 1251жылы.

39. Ұлы хан атағын алғаннан кейін үгедей тұрған қала: Қарақорым

40.Шыңғысханның кіші баласының ұлысы- Төле ұлысы:  Моңғолия.

41.Шыңғыхан қайтыс болды: 1227 жылы

*1259 жылы ұлы хан Мөңке қайыс болғаннан кейін, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастады.

42.Моңғол империясы бірнеше дербес ұлыстарға бөлінді: 1260 жылы

*Үгедей -1227-1241жж, Мөңке -1251-1259жж – Моңғолдардың хандары

 

АЛТЫН ОРДА

ХІІІ ғ.орт- ХҮ ғ. орт

Алтын Орданың құрылуы

1.1235 жылғы бүкілмоңғолдық құрылтайда қабылданған шешім: Батысқа (Еуропаға) жорық

2.Еуропаға жорықты бастаған моңғол ханы: Батый (Бату)

3.Батысқа жасалған жорықтың жылдары: 1236- 1242 жылы.

*-Батысқа жасалған жорық созылды: 7 жылға

4.1236-1242 жылдардағы жорықтар нәтижесінде Солтүстік Кавказ. Кырым бойы, орыс кнәздіктері, Шығыс Еуропа  елдері өздерінің Алтын Ордаға  тәуелділігін мойындап мәжбүрленеді:

 Салық төлеуге

5.Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет: «Алтын Орда»

6.шығыс деректеріндегі Алтын Орданың атауы: Жошы ұлысы,

7. «Алтын Орда» атауы орыс деректерінде  пайда болды: ХҮІ ғ .аяғы

8.Алтын Орданың астанасы: Сарай Бату (Астрахань, Еділдің төменгі ағысы)

*Содан кейін: Сарай Берке (Волгоград маңы)

9. Алтын Орданың  негізін қалаған: Батый_

10.Батый ханның Алтын Орданы билеген жылдары: 1227- 1255 жж

11.Батый ханның кезіндегі Алтын Орданың аумағы Алтайдан Дунайға дейін

* «Оның ордасында саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты.Олар түрлі тауарлар алып келді. Ол (Батый) тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған»- деп Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы: Жувейни

12.Орыс жылнамалары бойынша Батый хан Алтын орданың экономикалық қуатын арттыру үшін ерекше көңіл бөлген Қалалардың дамуына

 

***Алтын Орданың күшейюі:

13.Батый ханнан кейін Алтын Ордада билік басына келген: Берке (1255-1266жж)(Алғашқы мұсылман Алтын орданың хандардың ішінде)

14.Берке хан кезінде Алтын Орда Тәуелсіздікке қол жеткізді

15.Берке хан ислам дінін қолданды: мұсылман елдерімен қарым- қатынасты күшейті мақсатында.

16.1262 жылы Берке ханмен өзара достық қарым- қатынас орнату үшін өз елшісін жіберген:

 Египет билеушісі сұлтан Бейбарыс

17.1266 жылы Кавказ жеріне жорықта Берке хан қазақ тапқаннан кейін оның орнына  хан тағын отырған: Меңгу –Темір

*Алтын Орда Меңгу Темір хан тұсында : Өз ақшасын шығарды

18.ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда мен Египет арасындағы байланысқа кедергі болуға тырысқан мемлекет:Византия _

19.1271 жылы Меңгу –Темір Византияға қарсы жорыққа шығады. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейьіи келісімге келеді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты.

20.1290-1312 жылдары Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан хан: Тоқты хан (Ноғай ханның көмегімен)

*Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жанлдандырып, Мысыр мәмлүктерімен тығыз қарым –қатынаста болған.

21.Алтын Орданың гүлденген кезі

Өзбек хан (1312-1342 жж)

* Жәнібек (1342- 1357жж)

22.1312 жылы Алтын Ордада ислам дінін мемлкеттік дін ретінде жариялаған: Өзбек хан

23. Алтын Орда мемлекеті мұсылмандық мемлекетке айнала бастады: ХІҮ ғ.

 

Алтын Орданыңәлсіреуі.

24. Алтын Орда ішінде алауыздық күшейген кезең: 1357-1380 жж(ХІҮ ғ.екінші жартысы)

* 1357-1380 жылдар аралығы Алтын Ордадағы «ұлы дүрбелен» кезеңі.

* 1357-1380 жылдар арасында жиырмадан астам адам хан болды.

25.Куликово шайқасы болған жыл: 1380ж. 8 қыркүйек

26.Куликово даласында Дмитрий донской бастаған орыс әскерінен жеңілген Алтын Орда әскеріне басшылық еткен: Мамай

27.Әмір Темір көмегімен Тоқтамыс  Мамай ордасын басып алды: 1380ж.

28.Алтын орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыс хан Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеді: 1382ж.

29.Мамайдан кейін Алтын Ордадағы билікті басып алып, 1382 жылы Мәскеуге жорық жасаған Жошы ұрпағы:_ Тоқтамыс

30. ХҮғасырдың ортасында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер:

Ақ Орда, Ноғай, Қырым, Астрахан, Қазан,Сібір хандықтары

31.1502 жылы қайтыс болған Алтын Орданың соңғы билеушісі: Шейх- Ахмед.

 

Қоғамдық құрылысы:

32.Алтын Ордада атқарушы биліктің орталық органы: Диуан.

33.Алтын Ордада әскери істерге басшылық еткен: Беклербек

34. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала:_ Азаматық істер.

*Алтын Ордада ислам діні қабылданғаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен, дәлірек айтқанда орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.

35. Алтын Ордада салық жинаумен, сонымен қатар  халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын атқарған: даруға

36. Алтын Ордада жергілікті халықты басқару қызметін атқарумен қатар, әскери бақылау жүргізген , кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысқан: Басқақтар.

37.Алтын Ордада салық жинаумен айналысқандар: Даруға мен басқақтар.

38.Азаматтық басқару билігін атқарған, түрік әулеттерінен шыққан жергілікті әкімдер: мәлік (хатшылар, білікшілер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ ОРДА

ХІІІғ-ХҮғ. басы.

Ақ Орданыңқұрылуы мен жер аумағы

39.Қазақстан аумағындағы моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет: Ақ Орда

* Ақ Орданың этникалық негізі бірыңғай жергілікті түркі тілдес ру- тайпалары.

40.ХІІІ ғасыр мен ХҮғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет:Ақ Орда

41. Ақ Орданың аумағы  қамтыған жерлер: Орда Ежен+Шайбан ұлысы.

42. Ақ Орда мемлекетінің аумағы: Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатынан дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы арқылы.

43.Ақ Орда мемлекетінің астанасы: Сығанақ

 

***Ақ Орданың ішкі- сыртқы саяси жағдайы

44.Ақ Орданың ішкі- сыртқы саяси жағдайы бөлінеді: 3 кезеңге

І. Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізкі.

ІІ. Ақ Орда хандарының Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуы.

ІІІ. Ұрус ханның және оныңұрпақтары  Әмір Темірге қарсы күрес жүргізуі.

45.Ақ Орданың  негізін қалаған: Орда Ежен

*Орда Ежен  билік құрған мемлекет: Ақ Орда

46.Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты: ХІҮ ғ. ІІ- ші ширегі (1325-1350)

47.Ерзен ханның (1315-1320жж.) тұсында: Қалалық мәдениет дамыды.

*Сығанақ Орта Азия мен шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды.

48.Ақ Орданың ханы Мүбәрак (1320-1344жж.}

*1327-1328 жылдары өз атынан Сығанаққаласына теңге соқтырды.

*Алтын Орданың ханы Өзбек пен Мүбәрак ханның арасындағы күресте Мүбәрак жеңіліске ұшырап, қырғыздар жері мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.

49.Ақ Орданың күш- қуатын арттырған хан: Орыс хан (1361-1376)

* Ақ Орда тәуелсіз мемлекет болды

*1368-1369 жылдары өз атынан Сығанаққаласыгнда теңге шығарды.

*1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы- Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырды.

50. Ақ Орда билеушісі Ұрус ханның Еділ бойынан Сыр бойындағы иелігіне оралуының себебі: Әмір Темірдің күшеюі

*Ұрус хан жол бойында өзіне көмектесуден бас тартқан Маңғыстау билеушісі Түй- Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс  Әмір Темірге  барып паналайды.

51.Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы басты мақсаты:  

Алтын Орда мен Ақ Орданы жаулап алу

52.1379 жылы Тоқтамыстың  Темір- Мәлікті (Ұрус ханның екінші баласы) жеңіп басып алған қаласы: Сығанақты.

53. Әмр Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 ж.

54.Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған Әмір Темір 1395 жылы Ақ Орда тағына отырғызды: Қойыршақ оғлан

*Ақ Ордадағы оғлан- Ұлыс билеушілері.

55.Ақ Орданыңсоңғы ханы: Барақ (1423-1428жж.)

56.Ақ Oрда билеушісі болған Барақтыңмақсаты: Сыр бойындағы қалаларды Әмір Темірдің ұрпағы Ұлықбектен қайтарып алу

57.Ақ Орда мемлекеті өмір сүруін тоқтатты: ХҮ ғ. Басы

58.Ақ Орданың орнына келген мемлекет: Әбілқайыр (17 жасында) хандығы

59. қазақ халқыныңқалыптасып, мемлекетініңқұрылуына зор тарихи рөл атқарған.

 Ақ Орда тайпалары

МОҒОЛСТАН

ХІҮ ғ. орт- ХҮІ ғ. басы

***Моғолстанның құрылуы және жер аумағы

1. Шағатай ұлысының ыдыраған уақыты: ХІҮ ғ. Ортасы (1340ж)

  1. Шағатай ұлысының ыдырауы нәтижесінде Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде – Оңтүстік Шығыс Қазақстан  мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет Моғолстан

* Моғолстан мемлекетінің  құрылған уақыты 1346 ж

3. Шағатай ұлысының батыс бөлігі –Мәуараннахрда құрылған мемлекет: Әмір Темір мемлекеті

4. Моғолстан мемлекетін құруда белді рөл атқарған дулат тайпасының: Әмір Поладшы

* Әмір Поладшының хан болуға құқы болмаған. Себебі, Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары отыраған.

5. Моғолстан мемлекетінің  алғашқы ханы болып сайланған: 1348 ж. 16 жасар Тоғылық- Темір

*  Ол Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі

6. Моғол хандығында билік еткен әулет  Шағатай.

7.Моғолстан мемлекетінің аумағы  Жетісу және Оңтүстік Қазақстан

* «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденені 7- 8 айшылық жол…»

8. Моғолстанның орталығы (астанасы): Алмалық.

*Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барлас…

9. ХІҮ ғасырдың ортасы – ХҮІ ғасырдың  басында Қазақстанның оңтүстік- шығысында  өмір сүрген мемлекет: Моғолстан.

 

Моғолстанның ішкі- сыртқы жағдайы

10.Моғолстан мемлекетінде билік еткен әулеттің негізін қалаған бірінші xан: Тоғылық Темір (1348- 1362жж.)

11.Тоғылық Темір Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдады.

*Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық- Темір тұсында бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны:160 000

*Тоғылық Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азиядағы  билікті қалпына келтіруге әрекет жасады.

*1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызды.

12.Әмір Темір  мен Ілияс Қожа арасында Ташкент қаласының маңында «Батпақ шайқасы» болды 1365ж. 22 маусым

*Кескілескен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. «Батпақ шайқасынан» кейін Моғол ханы Самарқанды қоршауға алды. Бірақ моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастағандықтан шегінуге мәжбүр болды.

13.Ілияс Қожа тұсында билік үшін талас –тартыстар күшейе түсті. Осы кезде Моғол хандығында билік жүргізген дулат тайпасының атақты әмірлері Камар ад- дин мен оның інісі Шамс ад- дин.

14.Әмір Темір 1371-1372 жылдары әскер аттандырды:  Моғолстанға.

*Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді.

*1375-1377 жылдары екінші жорықта Оңтүстік Қазақстан арқылы Жетісудің Шарын өзенінен дейін жетті.

*1377 жылы Камар ад- лин Әмір Темір әскерлерінен екі рет күйрей жеңілген: 1.Қаратау етегінде.2. Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында.

15.1380 жылдың аяғанда Әмір Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасаған: Ақ Орда мен Моғолстан.

16.1371 жылдан 1390 жылға дейін Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтардың саны: 10

17.1390 жылдары Әмір Темірге өзінің тәуелділігін мойындауға мәжбүр болған Моғол ханы:

Қызыр Қожа (1380-1399жж.)

18.Моғолстан Темір әулетінің тәуелділігінен  құтыла бастады: Мұхаммед (1408-1416жж.)

*Мұхаммед ханнан кейін билік басына келген Уәйс хан (1418-1428жж.)

19.1428 жылы Уәйс хан қайтыс болғаннан кейін, билік үшін таласқан балалары: Есен- Бұға , Жүніс.

20.Моғолстанда  дулат әмірлерінің қолдауымен Есен- Бұғаның хан тағында отырған уақыты:

1423-1462жж.

21.Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады: Абд- ар –Рашид тұсында.

 

Моғолстанның қоғамдық құрылысы

22.Моғол ханына мемлекет басқаруда көмектескен: Ұлыс бек.

* Моғол хандығында мұрагерлерді таққа отырғызу , көрші мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар жасау сияқты мәселерді шешуде аса маңызды рөл атқарған.

23. «Ұлысбек» деген атақты иеленген: Дулат тайпаларының өкілдері.

24.Моғол хандығында алым- салық жинап, тәртіпті қадағалаған: Даруға

25. Моғол хандығындағы ханның аңшылық ісін басқарушысы: Миршикар

*Жиын- той, мерекелерде тәртіп, салт- дәстүрді қадағалап отырған: Жасауыл.

*Сарай қызметінің басшылары: ішік аға басы.

26. Моғол мемлекетіндегі хан баласының тәрбиешісі: ата- бек

* «Көкілташ»- мұрагердің «тел бауыры».

27.Моғол хандығындағы жастайынан сайланған хандардың кеңесшісі: Наиб

 

 

 

 

 

ӘМІР ТЕМІР ЖОРЫҚТАРЫ

28. Моғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің балас Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары: 1336- 1405жж.

29. Әмір Темір Мәуераннахрды  басып алды: 1370ж.

30.  Әмір Темір жеке- дара билік жүргізген: 1370-1405жж (35 жыл.)

31.  Әмір Темір мемлекетінің территориясы: Мәуераннахр

32.  Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алмас бұрын Ақ орданы әлсіретуді көздеген мақсатына табылған себеп. Ұрус хан (Орыс хан) жазалаған Түй –Қожаның баласы Тоқтамыстың Әмір Темірге қашуы

33. Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы мақсаты: Алтын Орда мен Ақ Орданы бағындыру 34. Ақ Орданың Әмір Темірден жеңілу себебі:  1376 ж. Ұрус хан мен оның баласы Тоқтақияның қаза болуы

*1377жылы Ұрус ханның ұлы Темір- Мәлік Сауранда Тоқтамысқа соққы береді.

35. 1379 жылы Тоқтамыс Темір Мәлікті жеңіп біржола басып алған қала: Сығанақ.

  1. Әмір Темірдің көмегімен  Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды:_

 1380ж. (Алтын Орда билігін мойындады.)

  1. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде болған шайқас уақыты:

1391 ж. Маусым

  1. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жавғасында шешуші шайқас болған жыл: 1395 ж.

*  Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында көрініс тапты.

39. Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген зардабы:  Экономикасының, мәдениеттің дамуына адам айтқысыз зардабын тигізді

40. Әмір Темір 1405 жылы қаза болған қала: Отырар

 

 

 

НОҒАЙ ОРДАСЫ

41.Ноғай деген атау қайдан шыққан: Адамның есімі.

*Ноғай ордасының аты Алтын Орданың бес ханының тұсында  қолбасшы болған Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын  жүргізген. Ноғайға қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі деп атанып кеткен.

42. Қазақстанның солтүстік- батысында Ноғай Ордасының құрылуына себеп болған: Алтын Орданың ыдырауы.

43. Ноғай Ордасының алып жатқан жері: Еділ мен Жайық

44.Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық (Атырау жақтан 60 км.)

45.Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: Хғ.

*Сарайшық қаласының дәуірлеген кезі: ХІІ-ХІҮғ.

46.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болған Жайық бойындағы қала: Сарайшық

47.Сарайшық біржолата қирады: 1580ж. Дон және Еділ казактарының  шапқыншылығы салдарынан

48.Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа: маңғыт.

49.Ноғай Ордасының екінші аты: Маңғыт елі.

50.Ноғай Ордасының іргесін қалаған: Едіге

51.Ноғай Ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды: Едіге

52.Едігенің Ноғай Ордасында * билік жүргізген жылдар: 1396-1411 жж.

*Едіге Ноғай Ордасын басқарды: 1396-1411 жж.

53.Алтын Орданы басқарған Едігенің атағы: Беклербек

54.Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлініп шығып, жеке мемлекет болды: Едігенің баласы Нұр ад- Дин кезі (1426-1440жж.)

55.Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты: ХҮІ ғ. Басы.

56.Ноғай Ордасының бірнеше иеліктерге бөлінуіне себеп болған жағдай: 1552 ж. Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуы. (Иван Грозный)

57.Алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған ғалым: Ш.Уәлиханов.

58.Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес: Моғолстан. Әмір Темір

59.Ноғай Ордасында жоғарғы билеушінің титулы: хан

60.Ноғай Ордасында түрік тайпаларының басшылары: Мырза

*Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстандағы түрік тайпалары басшыларының атауы:   Әмір.

*Ноғай Ордасында билік бидің қолында болды, ал қалған мемлекеттерде хандық мұрагерлік жолмен сақталып отырған.

 

 

ХІІІ-ХҮ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН МЕН БАТЫС СІБІР

61.Батыс Сібір жеріндегі туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігінде басты рөл атқарған тайпа: Керей

*Сібір елін моңғолдар жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы: Рашид ад- Дин

*Алтын Орданың ханы Батый Сібір жерін Шайбанға сыйға тартқан . Батыс Сібір Шайбани әулетінің жері саналғанымен, елді басқару тайбұғалықтардың қолында болды.

62.ХІҮ ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарында шайбниліктер құрған хандық: Түмен хандығы (Батыс- Сібір хандығы.)

63.Батыс Сібір хандығының астанасы: Қызыл –Тура

*Қазір ол қаланың орнында орналасқан қала: Тюмень.

*-Ақ Орда ханы Барақтан жеңілген Шайбани ұрпағы Махмұд -Қожа Батыс Сібірге қашып келіп, ноғайлардың қолдауымен хан болды.

64.1428 жылы Махмұд- Қожаны жеңіп, Батыс Сібірді өзіне қаратқан: Әбілқайыр.

65.Әбілқайыр хан қаза болғананн кейін Батыс Сібірде билікті өз қолына алған:  Ибақ.

*Ол қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасып, Әбілқайырдың мирасқоры Шайх- Хайдарды өлтірді.

66.Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым- қатынасын орнатқан хан: Ибақ.

*1481-1484 жылдары орыс мемлекетіне екі рет елшілік жіберген.

*Ибақтың тайбұғалықтарда биліктен шеттетеуі жергілікті шонжарлар тобының наразылығын туғызып, олар тайбұғалық Мұхаммедтің басшылығымен 1495 жылы Ибақ ханды өлтірді.

 

ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ

1428-1468жж.

Әбілқайыр хадығының құрылысы , жер аумағы, этникалық құрамы.***

*ХҮ ғасырдың 20 жылдарында Ақ Орда ыдырауына байцланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталды.

67.Әбілқайырды екі жүзден астам ақсүйек- шонжарлар  (20- дан астам тайпа өкілдері) хан сайлады: 1428 ж. (17 жасар)

* Әбілқайыр- Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханың қолында өскен.

68. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілақайр хандығы құрылды: ХҮ ғ. басы

69. Әбілқайыр ханның билік жүргізген жылдары: 1428-1468жж.

70.Тарихи жазба деректердегі Әбілқайыр хан құрған хандықтың атауы: . «Шайбан ұлысы»,

 «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Көшпелі Өзбек мемлекеті»

71.Әбілқайыр хандығының аумағы: Батыста Жайық, Шығыста- Балхаш.

*Оңтүстігінде- Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.

*Солтүстігінде- Тобыл мен Ертіс өзендерінің орта саласы.

72. ХҮ ғасырда Әбілқайыр хандығы орналасқан аймақ: шығыс Дешті Қыпшақ.

73.Әбілқайыр хандығының астаналары: 1428-1431 жылдары: Тура

1431-1446 жылдары: Орда- Базар

1446-1468 жылдары: Сығанақ

74. Әбілқайыр хандығының астанасы: Сығанақ.

75.Әбілқайыр xандығы неше тайпадан құрылған: 92 ру тайпадан құрылған

76. Әбілқайыр хадығының халқының басым көпшілігі: Қыпшақтар.

77.Әбілақайыр хандығы  негізгі үш халықтан (шайбани, қарақалпақ, қазақ) тұрғандығын, және олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар деп айтқан тарихшы: Рузбихан

 

Әбілқайыр хадығының саяси тарихы.

*ХҮ ғасырдың 40- жылдарында Әбілқайыр ханы Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады.

78. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтары мен Әбілқайыр хан арасындағы шайқас болған жер: Екіретуп

79. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер  Ақ Орданың оңтүстік аудандары – Қаратау өңірі мен Сыр бойы

*Бұл аймақтарда  билік етекен сұлтандар: Керей мен Жәібек

– 1446 жылы Әбілқайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханжы женгенне кейін  Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты  экономикалық жағынан маңызды  қалаларды басып алды.

80.Әбілқайыр хан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліс тапты:-

 1456-«1457»ж Сығанақ түбінде.

81.Әбілқайыр хан өзіне бағынбай , Жетісу аймағына ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалау мақсатымен Моғол хандығына қарсы жорыққа шықты: 1468ж

82. Әбілқайыр қайтыс болған жер: Алматы маңы Аққыстау

83.Әбілқайыр хан (ХҮ ғ.) жерленген кесене: Көккесене.

84. Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дeшті Қыпшақта билік жүргізу құқығынан айырылды    Қазақ хандығының құрылуымен

 

ХІІІ- ХҮ ҒҒ.ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ХАНДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ

*Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы сияқты басқа да мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделеді

85. Хандық өкіметінің ең жоғарғы жиыны: Құрылтай.

86. Қарапайым халыққа берілген атау: Қараша.

87. Шыңғыс хан тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері: Інжүлік.

* Алтын Орда хандарының  інжулік жерлері: Еділ

* Шағатай мемлекетінің  інжулік жерлері: Іле, Шу ,Талас

*Жазба деректерде қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған:

1. Мемлекеттік жер (тікелей хандардың қарамағындағы жерлер).

2.Шыңғыс тұқымдарының  жасау ретінде алған жерлері.

3. Вакфтық (діни иелерінің) жерлер.

4.Шаруалардың мүліктік  жерлері.

88. Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер: Сойырғал.

89. Әскерлерді азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатымен жиналатын салық  тағар.

90. Жер көлеміне байланысты егіншілерден алынатын салық: Қалан.

91. Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық: Құшыр.

92. Ұшыр, харадж, баж алықтарын төлеген: Отырықшы халық, егіншілер.

93. Хан мен сұлтандардың пайдасына шариғатқа негізделіп салынған салық: Зекет

 

ХІҮ- ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

І. ХІҮ- ХҮ ғғ. Қазақстанның экономикалық жағдайы.

ІІ. ХІҮ- ХҮ ғғ. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

ІІІ. Қазақстанның ХІҮ- ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері.

ІҮ. Қазақ хандығының ХҮІ- ХҮІІ ғасырлардағы экономикалық  жағдайы.

Ү. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

ҮІ. Қазақ хандығының басқару жүйесі.

XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

1.Моңғол шапқышылығынан кейін халықтың ауыл шаруашылығы мен отырықшылдық  қалалық өмірі қайта жандана бастады: ХІІ

2.ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының  басты саласы:  мал шаруашылығы

3.Көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар: Батыс, Орталық (Шығыс Дешті Қыршақ)

* Көшпелі мал шаруашылығында көшу бағыттардың қашықтығы: 800-1000км.

4. 1269 жылы тала жағасында өткізілген құрылтайда шығарылған заң бойынша тыйым салынды: Отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық мөлшерінен артық алуға

* ХІІІ ғасырдың аяғында қалаларда тіршіліктің жандана бастауы туралы Моңғолияға  сапарындағы күнделігінде жақсы жазған армян патшасы: І Гетуш

5.Ақ Ордада қалалық өмірдің қайта өрлеуіне үлкен әсерін тигізген қала: Сығанақ

6.Ақ Орда кезінде Сығанақта және оның аймағындағы қалаларда мешіт, медреселер салынып, қоғамдық құбылыстар көбейді: Ерзен (1315- 1320жж.)

7.Орта ғасырдың кейінгі кезендегі (ХІҮғ.) қалалық өмірде дамыған кәсіптің басты бір саласы:

Қыш құмыралар жасау.

*Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Күлтөбе, Раң қалаларында ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. Олардың шеберханалардың 2 гектарға жуық жерді алып жатқан.

8.Әйнек жасау кәсібі қайта жандана бастаған кез: ХІІІ ғ. аяғы

9. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бастап Сырдария бойындағы қалаларда өркендей бастаған кәсіп:Кірпіш күйдіру.

*Отырар қаласының оңтүстік- батысынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған.

10.Халықаралық сауданың дамығандығын дәлел бола алатын күміс бұйымдар көмбесі табылған ортағасырлық қала: Отырар

* Көмбеден табылған әшекей бұйымдарының ішінде зерттеушілер қыпшақтардікі деп жүрген сұрау белгісі тәрізді сырғалар, «3» саны тәрізді шекеліктер, көп қырлы ауыр сырғалар ерекше назар аудартады.

 

 

 

 

XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Материалдық мәдениет.

11. ХІҮ-ХҮ ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: Мал басынан алынуы

12. ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері: Арба үстіне тігілген жылжымалы

13. Жылжымалы  үйлердің ішіндегі ең белгілісі: Күйме

14. Орта ғасырларда Қазақстан халықтарының киім- кешектері негізінен жасалған материал: тері, жүн

15. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстан халықтарының  жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киімі: Айырқалпақ.

* Қыстың суық  күнінде елтіріден жасалған бас киімдер киген.

16. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған: Еуропа саяхатшылары.

17. Шөлдеп келе жатқан қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын  бергенін, оны «айран» деп атайтындарын жазған: Вильгельм Рубрук

Рухани мәдениет.

Рухани мәдениет- белгілі бір  кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет- ғұрпы, салт- санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял- ғажайып әңгімелері, діни наным –сенімдері жатады.

18. ХІҮ- ХҮ ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру –тайпалардың ауызша таралған әдебиеті туындыларының ғылыми атауы: Фольклор.

19. Ғарыш пен жердің ғайыптан  пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандағы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы»

20. Ауыз әдеьиетіндегі  кең таралған жанрлар: Ертегі.

21. ХІҮ- ХҮ ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор батырлық, өнегелік мазмұндағы

ертегілер: «Жоямерген», «Құламерген», «Керқұла атты Кендебай», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Төстік»

22. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністерімен толықтырылып, эпостық жырға айналды: ХІҮ- ХҮ ғғ.

23. ХІҮ –ХҮ ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін эпостық жыр: «Қобыланды батыр»

24. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған  тарихи батырлық жырлар:: «Ер Тарғын»,

 «Ер Қосай», «Орақ- Мамай»

25. ХІІІ-ХҮ ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэззияның өкілдері: Кетбұға, Қотан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан қайғы

26. Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан (Жошының өлімін хабарлаған):

 Кетбұға «Ақсақ құлан»

27. Қазақ хандығы   құрылған кезде  мемлекеттін ұраншысы саяхатшысы, насихатшысы, «көшпелілер философы» атанған: Асан қайғы

  1. Қазақстан аумағында  ХІІІ- ХІҮ ғасырларда халық ауыз әдебитімен қатар жазбаша әдебиет дамыды: Қыпшақ тілінде

29. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туындылар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама»

30. ХІҮ- ХҮ ғасырларда халықаралық қарым- қатынаста сөздік ретінде пайдаланылатын еңбек: «Кодекс куманикус»

31. ХІҮ- ХҮ ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:

«Хұсрау- Шырын»

32. Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбын арқау еткен Дүрбектің поэмасы: «Жүзіп- Зылиха»

33. ХІҮ- ХҮ ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы: «Мұхаббатнама»

34. ХІІІ- ХҮ ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб.

35. ХІҮ- ХҮ ғасырлардан  бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Ескендір»

36. Алтын Орда дәуірінен  бері келе жатқан күй- аңыздар:  «Жошы ханның жортуы»,  «Сағыныш» (Қазтұған), «Ер айырылған» (Асан қайғы), «Ақсақ құлан»

 

 

 

Діни наным- сенімдер

37. Ислам діні  Қазақстанда ҮІІІ ғасырда тарай бастағанмен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағандағы туралы жазылған «Ислам діні» мақаласының авторы, қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уәлиханов

38. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезінде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»- деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама»

* «Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы

39. ХІҮ ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар : Өзбек хан, Тоғылық-Темір

40. ХІҮ ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір (1348-1362жж.)

41. Қазақстанда ислам дінінін тез қанат жая бастауының тағы бір себебі.  Ислам дінінің суффизм тармағының таралуы

* Себебі суфизмнің кейбір идеялары мен әдет- ғұрыптары шаманизмнің наным- сенімдеріне жақын болған.

42. Қуаңшылық жылдары, қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының

атауы: Тасаттық.

43. Тіл- көз  тиюге қарсы, киелі аң- құстың тісінен, тырнағынан, қауырсынынан жасалып, мойынға тағылған зат: Бойтұмар

44.Қазақстанның байырғы тұрғындарының  түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк Тәңірі.

45. Отпен тазарту ырымның атауы: Аластау

46. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам

47. Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды: ХҮІ-ХҮІІ ғғ.

  1. ХІҮ- ХҮ ғасырларда Қазақстан жерінде  өмір сүрген халықтар арасында екі діннің наным сенімдері қатар өмір сүрді. Бұл діндер Ислам және шаманизм

 

Қазақстанның ХІҮ- ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері.

49. ХІҮ- ХҮ ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек, Тектұрмас (Тараз)

50. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өңіріне жақын орналасқан кесене: Арыстан баб.

51. Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт: ҮІІ-ҮІІІ ғғ.

52. Құлап қалған Арыстан баб күмбезін ХІҮ ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір.

53. Арыстан баб кесенесіндегі бөлмелер саны:_ 2

54. Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Йассауи

55. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Йассауи

56. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан

57. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл:_ 1397ж.

58. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде залдың ортасында үлкен тайқазан жасалған жыл:_ 1399ж.

59. Қожа Ахмет Йассауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме : Кітапхана

60. Қожа Ахмет Йассауи кесенесіндегі басты бөлме: Көрхана

61. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің биіктігі:_ 37,5м

62. Қожа Ахмет Йассауи кесенесіндегі үлкенді- кішілі бөлмелер саны:_ 35

63. ХҮ ғасырдың екінші жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш:

 Рабиға Сұлтан Бегім

64.Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлмелер саны: 5

65. Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлап тасы табылған жер: Қожа Ахмет Йассауи

* Рабиға Сұлтан Бегім Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы, 1485 жылы қаза болған.

66. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: Алаша хан кесенесі.

* ХІҮ-ХҮ ғғ. далалық сәулет өнерінің үлгісінде  салынған

*Қабырға сыртын әсемдеу үстінде қазақтың дәстүрлі ою- өрнек (таңдай, жүрекше) қолданылған.

67. Алаша хан кесенесінің қабырғалары: Кереге тәріздес, кілем сияқты.

68. Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік- батысында 8км жерде орналасқан бір күмбезді кесене:_ Көккесене

69. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған:__ Көккесене

* Көккесенеде Әбілқайыр хан жерленген.

70. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене (Орталық Қазақстан): Жошы

71. Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар:__ Ахмет Йассауи, Алаша хан, Көккесене

72. Жеріміздегі сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғандығының дәлелі:

Құрылыс материалдарының жоғары сапалығы

73. ХІҮ- ХҮ ғасырларда өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер: _ Күмбез шатырмен жабу.

Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы экономикалық жағдайы.

1.Маусымды жайылым:__ 4

2. ХҮІ- ХҮІІ ғасырларға қазақтар шаруашылығының таза малмен айналысатын түрі: Көшпелі.

3. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда түйе мен қой- ешкілер қыстық жайылымға таңдалған жер:

Қызылқұм шөлі.

4. Қыста  көшіп- қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі:_ жұт

* Малңа түрлі жұқпалы аурулар тиген: ешкіге- кебенек, қойға топалаң, сиырға- қарасаң, жылқыға- жамандат,түйеге – ақшелек.

5. Көктемгі көштің қозғалуы жас өлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы:_ 8-10 күн

6. Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы  күніне 8-10 шақырымнан аспады. Осындай көшке берілген атау:_ «қозы көш»

7. Көктеуден жайлауға көшу басталған мерзім:_ мамыр айы.

8. Маусым айының аяғында тоқтыларды тереңдеу судан айдп өткізу:_ тоғыту

9. Қозылардың  жүнін қырқатын мезгіл:_ «Қозы күзен»

* Қой мен ешкіден – жүн, түбіт, жылқыдан- қыл, түйеден- шуда алынады.

10. Көшпелі қазақтар суық басталысымен жайлаудан көшті:_ Күзеуге

11. Күзеудегі малшы ауылдар қыстауға көшуге әзірленді:_ Қараша

12. Көшіп- қонуға күш- көлігі жоқ, жайлауға апаратын малы жоқ, егіншілікпен айналысқан кедейлер:__ Жатақ

13. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын:__ шұбат.

14. Дешті қыпшақ үшін «сауда аймағы» болған қала:___ Сығанақ.

* Қасым ханның тұсында  хандықтың ордасына айналды.

15. Йасы қаласы Түркістан атанған уақыт: ___ ХІҮ ғ.

16. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының астанасы: Түркістан

* Түркістан қаласы Қазақ хандығына көшті:_ ХҮІІ ғ. екінші жартысы

17. Есім хан мен Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенелері орналасқан қала: _ Түркістан

18. Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала:_ Сауран.

* Сауран қаласы Қазақ хандығына түпкілікті өтті:__ ХҮІ ғ.

19. ХҮІ ғасырдың аяғында Сайрам қаласының құлауының себебі:_ . Ойраттардың жорығы

(Сауран қаласы үшін қазақтар мен өзбектер 100 жыл күресті.)

20. Тарихи деректерде ҮІІІ ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) атауымен белгілі болған қала:

. Отырар

* Отырар қаласы өмір сүрді: _ ХҮІІғ. Дейін

21. ХҮІІ ғасырдың аяғында Қазақстандағы қалалардың құлдырауының себебі:_ Жоңғар шапқыншылығы.

ХҮІ- ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Материалдық мәдениет. Қоғамның тұрмыс тіршілігі.

22. Қыздардың үйлену тойындағы бас киімі:_ Сәукеле

23. Әйелдердің тұрмысқа шыққан соң бір жылдан кейінгі бас киімі:__ Желек

24. Түйе жүнінен тоқылған ерлердің сырт киімі:__ Шекпен

25. Мадикар дегеніміз:__ Қоғамдық жұмыс.

26. Жұт немесе басқа табиғи апаттарға байланысты малы қырылса, өз туыстарынан көмек сұрау құқығы: _ Жылу сұрау.

27. Байлардың малын кедейлерге бағу үшін беруі:_ Сауын.

28. Жақын адамдардың бір- біріне  өту қауырт, қажетті жұмыс кезінде көмекке келуі:_ Асар.

Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

29. ХҮІ- ХҮІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген: жоңғар шапқыншылығы

30.Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды:  ХҮ ғ.

31.Тіл ғылымын зерттеушілердің айтуына қарағанда, кердері тілінде таралған шығарма: Кердері (кіші жүз тайпасы) «Нәрши әл Фарадис»

32.Керейлер тілінде тараған поэмалар: «Ер Көкше», «Базар батыр»

*Дулат- үйсін тілінде тараған: Талас ескерткіштері

*Қазақ халқының арасында алшындар арқылы тараған жырлар: «Едіге», «Ер Сайын».

33.Қазақтар үшін астрономиялық сағат болған:_ Жетіқарақшы.

* Меркурийді қазақтар «Таң жұлдызы»  немесе «Кіші Шолпан» деп атаған.

34. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда- Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде әдеби тіл ретінде қолданылған: Қыпшақ.

35. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасақа,  Ақтамберді, Шалкиіз т.б.

36. 1490 жылы Азов қаласына жақын туған жырау: Доспамбет

* 1523 жылы Астраханда қайтыс болған.

37. Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыры болған жырау: Жиенбет

38. Лирикалық-эпостық жырлар: «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Айман- Шолпан», «Қыз Жібек», «Мақпал қыз», «Күлше қыз».

 

Тарихи шығармалар.

39. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін, 1541-1546 жылдары жазған құнды шығармасы:_ «Тарихи Рашиди»

* Шығармада ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық  жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудің тарихы, географиясы – жалпы орта ғасырдаға Қазақстан жайлы құнды деректер бар.

*Шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.

40. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі жазылған тіл: Парсы

41. Қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады:_ ХҮІ- ХҮІІ ғғ.

42. Қадырғали Жалаиридің (1530-1605 жж.) қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған (1600-1602 жж.) еңбегі: «Шежірелер(Жылнамалар) жинағы», «Жамиат тауарих»

43. Қадырғали Жалаиридің өзінің «Шежірелер жинағы» атты еңбегін сыйға тартқан орыс патшасы:

Борис Годунов.

* 1588 жылы  Ораз – Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқынға алып, Мәскеуге алып кетеді.

44. Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағы» баспадан шықты: 1854 ж. Қазан.

45. «Тарих-и Абулхайр-хани» кітабының авторы: Усман Кухистани

46. ХҮІ ғасырдың ортасында жазылған «Шыңғыснама» шығармасының авторы:  Өтеміс қажы.

* Тарихи шығармада Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.

47. ХҮІ- ХҮІІ ғасырлардағы қазақ- моңғол қарым –қатынастарының тарихы баяндалған «Тарих» атты еңбегінің авторы:  Шах Махмуд Шорас.

 

Қазақ хандығының басқару жүйесі.

1.Қазақ хандығының құрылымы_7 сатыдан  тұрады

2.Қазақ халқының  ең бірінші қоғамдық ұйымы:_ ауыл

* Ауылды басқаратын адам:__ Ауылбасы

3. Қазақ хандығында жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралған: Ата- аймақ.

* Ата-аймақты басқарған:_ ақсақал.

4. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан  құралған:_ Ру

* Руды басқаратын басшы:_ рубасы.

5. Бірнеше рудан құралған:__ Арыс

* Арысты басқаратын адам:_ би

6.Бірнеше арыстан құралған:_ Ұлыс

7.қазақ хандығында ұлыстың билеушісі:_ Сұлтан

8.Бірнеше ұлыстан құрылған, тайпалар негізінде  қалыптасқан жүздің билеушісі:_ Хан

* Ұлы жүзге кіретін рулар: Дулат, үйсін, жалайыр, қаңлы, албан

* Орта жүзге кіретін рулар:_ Қыпшақ, керей, найман, қоңырат, уақ, арғын.

*Кіші жүзге кіретін рулар: 12 ата- Байұлы, 6 ата –Әлімұлы, Жетіру

9. Үш жүзден құралған  хандықтың әміршісі:_ Хан (Ұлы Хан)

10. Хан сайлаудың басты шарты:_ Шығыстың Ұрпағы

* Хан тағына малы көп шонжарлар- сұлтандар сайланды

11. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:_ атақты, сыйлы шонжарлары.

12. Сайланған ханның мал- мүлкін бөліп алу дәстүрі:_ Ханталапай

13. Қазақ ханының өзң басқарып отырған елінен іріктеп алғн шағын жасағы:_ Төлеңгіттер.

*  Қазақ ханының тұрақты әcкерлеі болмады.

14. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:_ Көшіп қонуға

* Бұл тәртіпті бұзғандар жазаға ұшырада немесе айып төледі.

* Руды басқаратын билер мен батырлар хан алдында жауапты болды.

15. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы  Қазақ хандығындағы екі әлеуметтік топ: 1) феодалдар; 2)қарапайым халық (Қараша)

 

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

І. Қазақ халқының қалыптасуы.

ІІ. «Қазақ» атауының шығуы.

ІІІ. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы.

Қазақ халқының қалыптасуы

1.Қазақстанда қола дәуірінде өмір сүрген:_ Андрондықтар- Европоидтық нәсіл

2. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға  ұқсас болғандығын айтқан антрополог ғалым:_ О.Смағұлов.

3. Қазақстанға шығыстан келген ғұн  тайпаларының жергілікті тайпалармен  араласуы нәтижесінде

Моңғолоидтық белгілер дами бастайды.

4. Моңғолоидтық белгілер тереңдей түсті:_ ҮІ- ІХ

5. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған:_ Моңғол шапқыншылығы.

* Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырады: Моңғолдардың жаулап алуынан кейін

  1. Моңғол  шапқыншылығынан кейін қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар:_ 1) Маңғыт, 2) Қоңырат. 3) Барлас.

* Моңғол шапқыншылығынан кейін жергілікті ру- тайпаларды моңғолоидтық тұрпат күшейе түсті.

7. Моңғолдардың жаулап алуы нәтижесінде қазақ жеріндегі  халық болып қалыптасу үрдісі кешеуілдеді:_ 150-200 жылға

8. Этносаяси қауымдастық:_ Белгілі бір тарихи  аймақта құрылған, хандықтың тұрғындары

* Олар әлі халықтың дәрежеге жетпеген, жеке- жеке ру- тайпалар бірлестігінен құрылған.

9.қазақ халқының  этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған:_ Ақ Орда тайпалары.

10. Жазба деректердегі Моғол хандығы халқының атауы: Моғолдар;

* Ақ Орда тұрғындары-_ өзбек (өзбек- қазақ)

* Ноғай Ордасының тұрғындары-_ маңғыттар

* Өзбек атауының шығуы Өзбек ханның есімімен байланысты.

11. Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орнына уақытша аталған тайпалар: Дулаттар.

* Үйсіндердің аты қайтадан тарих сахнасына шыға бастады:_ қазақ хандығының құрылуы.

12. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу.

13. ХҮ ғасырдағы қазақ жеріндегі тайпалар саны: 92

14. ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген саяси қауымдастықтың болғанын жазған:_ Рузбихан.

15. Өзбек ұлысында ХҮ ғасырда үш халықтың  болғандығы, оның ішінде ең көбі және ержүрекетрі қазақтар екенін жазған:_ Рузбихан.

* Өзбек хан хандық құрған кезде қазақтар халық ретінде ерекшелене түсті.

16.Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен екі этникалық топ:_ 1) Қыпшақ; 2) Үйсін

17. Екі этникалық топтың: қыпшақ тайпалар одағы мен  үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде

құрылған халық:_ Қазақ

* Қыпшақ+ үйсін= Қазақ

18. ХҮ ғасырдың алғашқы кезінен қыпшақ, жалайыр, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, т.б. қазақ және өзбек рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген аймақ: Түркістан

* Шығыс Дешт Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан ХІҮ- ХҮІ ғасырларда  Түркістан деп аталды.

19. Жәнібек пен Керей хандармен бірге көшкен- ру тайпалардың алғашқы кезде атауы: Өзбек- қазақ 20.  ХҮ ғасырдың басында Қазақ жеріндегі ру- тайпалардың басқа халықтардың жеріне ауа көшудегі басты мақсаттары: Барған жерлеріндегі ру- тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру

21. Қазақ халқы этникалық жағынан шоғырланып, оның этникалық аумағы кеңейді: ХІ ғ. басы.

 

 

 

 Қазақ атауының шығуы

22. Ежелгі Сбіір тайпалары тілдерінде  «қазақ» сөзінің мағынасы: 1- мықты, 2- берік, 3- алып.

23. «Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларды әлеуметтік мағынада қолданылған жер:__ Шығыс Дешті Қыпшақта.

24. ХІІІ ғасырдың басында жасалған  мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы :Араб- қыпшақ сөздігі

25. ХІІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік  Египет мемлкетінің «араб- қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: Еркін, кезбе.

26. «Қазақ» сөзі хорасан түрікмендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»,- деп жазған тарихшы:_ Б. Көмеков.

27.Сырдарияның орта  бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр:_ Х ғ.

28. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:_ Еркін адамдар.

29. «Қазақ» атауының мағынасы жайлы «өз мемлекетінен, руынан бөлініп,жеке өмір сүруші адам»- деген пікірдің иесі:_ Рузбихан.

30. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:_ ХІҮ ғ.

31. Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ»  атауы біржола  этникалық сипатқа ие болған уақыт:_ ХҮ ғ. ортасы.

 

Алаш атауы мен жүздерің пайда болуы.

32. ІХ- Х ғасырдлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:_ алаш

33. «Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады:_ ІХ-Х ғғ.

34. Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қоланылған сөз:_ Алаш

35. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз:_ Алаш

36. «Алаш» сөзін жиі кездестіретін  қазақ халқының аңызы: Алаша хан.

37. Қазақ халқының жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: Алаша хан.

38. «Алаша хан» аңызы бойынша Ұлы Жүзді иеленген: Үйсін

* «Алаша хан» аңызы бойынша орта Жүзді иеленген: Болат

* «Алаша хан» аңызы бойынша Кіші жүзді иеленген: Алшын

39. Алаша хан күмбезі орналасқан өзен: Орталық Қазақстан , Қаракеңгір өзені.

40. «Үш жүз» аңызы бойынша Қазақ халқының құрамына енген ру- тайпалар өздерінің ен- таңбаларын салған жартас: Нұралы таңба

* Талас- тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері осы ораға келіп, мәселелерін  шешті.

41. Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну  себебі:

Өз жерін қорғау үшін.

42. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп- қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ- қазақ жүздері»-  деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы :  Ш. Уәлиханов.

 

БІРТҰТАС ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ.

І. Қазақ хандығының құрылуы.

ІІ. Қасым ханның тұсындаға Қазақ мемлекетінің өрлеуі.

ІІІ. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі.

ІҮ. Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі.

Ү. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы.

 

Қазақ хандығының құрылуы.

1.Қазақ  хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеген: ХҮғ. Ұлытаудан Есілге дейін аралық.

*Қоңыраттар- Түркістан мен Қаратау аралығы.

*Арғындар- Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстан.

*Дулаттар- Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан  өңірі.

*Қаңлылар- Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу.

*Жалайырлар- Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу.

* Үйсіндер- Жетісу.

2.ХҮ ғасырларда қалыптасқан саяси- тарихи жағдайлар ықпал етті: Қазақ хандығының құрылуы.

3.Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып мемлекет етіп құру міндеті тиді:  Керей мен Жәнібек.

4. Қазақ хандығының құрылуының  алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығына

5.Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының күш- қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті: ХҮ ғ.

6. Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр ханның ел ішіндегі беделін түсірген оқиға:_ 1456-1457  Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі.

7.Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық: Әбілқайыр хандығы

* Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі, олардың  Әбілқайыр ханның адам төзгісіз езгісіне, үсті- үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткірлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығына деген қарсылығы еді.

8.Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті: Моғолстанның батысына

9.Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы: Есен бұға (1433-1462жж.)

* Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп берді.

* Есен -Бұғаның мақсаты:

І. Қазақтар арқылы Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресіне Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

10. Моғолстан ханы Есен- бұға қайтыс болған жыл: 1462

11. «Әбілқайыр ұрпағының шаңырағы шайқалды. Ірі- ірі шиеліністер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті… Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: Тарихи –Рашиди

12. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати

13. Қазақ хандығының құрылу уақыты: 1465-1466жж.

14. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: Керей мен Жәнібек

15. Қазақ хандығының алғашқы Ордасы (туы тігілген жер): Қозыбасы (Жамбыл обл.)

16. Қазақ хандығының алғашқы территориясы: Батыс Жетісу және Шу мен Талас

17. Қазақтың алғашқы ханы: Керей

* Керейдің ақылдасар тірегі болған:_ Жәнібек.

18. Жәнібек хан  Барақ ханның баласы

* Керей хан Болат сұлтанның баласы

19.ХҮ ғасырдың 50-70 жылдары Керей мен Жәнібек  хандардың маңына көшіп келген халықтың саны: 200 мың

20. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты:_ Ішкі феодалдық талас тартыстарды

* Қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда , т.б. хандықтарының мемлекеттік құрылымының негізгі айырмашылығы- Қазақ хандығы жаулап алуышылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты.

21. ХҮІ ғасырдың басында Орта Азияда Мұхаммед Шайбаниден жеңіліс тапқан әулет: Темір

22. Қазақ хандығы үшін саяси- экономикалық  және әскери- стратегиялық жағынан маңызы зор болған: Сыр бойындағы қалалар

23. ХҮ ғасыдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі:

Сыр бойындағы қалалар

24. ХҮ ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының басты қарсыласы : Мұхаммед Шайбани

  1. Керей хан бастаған қолдың Түркістанда Қазақ хандығының қол астына қаратқан жыл: 1470 ж.

* Жәнібек хан Созаққа шабуылдады.

26. ХҮ ғасырдың  70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері: Сыр бойы мен Қаратау өңірі.

27.Қазақ хандығы  мен Мұхаммед Шайбанидің арасындағы 30 жыл жүргізген соғыстың нәтижесінде ХҮ ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар:

Сауран, Сығанақ, Созақ.

* Мұхаммед Шайбани ханға қарады: Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі.

*Моғолстан хандығына енген қалалар: Сайрам, Ташкент.

28. ХҮ ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш- қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан: Сыр бойындағы қалалар

29. ХҮІ ғасырдың бас кезінде Шайбандықтар бастаған көшпелі өзбектердің бір бөлігі кеткен жақ:

Мәуераннахр

Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі.

30.Керей мен Жәнібек хандардан кейін хан тағына отырған Керей ханның ұлы: Бұрындық

31. Бұрындық ханның билік құрған жылдары: 1480-1511

* Бұрындық пен Қасымның арасындағы билік үшін күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.

32. Қасым ханның билікке келген жылы: 1511-1518/1523

33. ХҮІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: Қасым

34. Қазақ хандығының жер көлемін  кеңейте түсуге бар күшін жұмсаған хан: Қасым

35. Қасым ханның кезіндегі Қазақ хандығының шекарасы батыста кеңейді: Жайық

* Шығыс Солтүстікте- Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін.

* Оңтүстікте- Сырдария алабы (Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалалар)

36. Қасым ханның қол астындағы халқының саны: 1 млн.

37.Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының бастапқы кездегі саяси- әкімшілік және сауда экономикалық орталығы: Сығанақ

38. Қасым хан тұсында Сығанақ қаласынан кейінгі Қазақ хандығының астанасы: Түркістан

* Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының Моғолстанмен қарым қатынасы достық- одақтық негізінде болды.

* Қасым ханнан шайбандықтарға  қарсы күреске көмек сұраған Моғолстан билеушісі: Саид

39. Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себепші болған оқиға: 1515 (*1514) ж. Қырғыздардан жеңілген Моғолстан ханы Саидтің шығыс Түркістанға кетуі.

40. Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғыздарға.

* Енисейден көшіп келіп Ыстықкөл алқабына қоныстанған қырғыздар жергілікті түрік тілдес  халықтармен араласып, «қырғыз» деген атқа ие болды.

41. ХҮІ ғасырдың басында Қасым ханның сыртқы саясатының  басты бағыты: Сыр бойындағы қалаларды жаулап алу.

42. Билік жолында қазақ хандармен ұзақ күрескен Әбілқайыр немересі: Мұхаммед Шайбани

43. ХҮІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:

Мұхаммед Шайбани

44. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым- қатынас болмасын» деген жарлық шығарған хан: Мұхаммед Шайбани

* Сонымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы бұйрық берген: Мұхаммед Шайбани

45. ХҮІ ғасырдың басында Шайбани хан Қазақ хандығына экономикалық соққы беру үшін:

екі ел арасындағы сауда байланысын тоқтатуға тырысты

46. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары: 1503,1505,1506ж

47. Шайбани хан әскерлерінің Сығанақ маңында қазақтарға жеңіліп, Самарқанға қашуы: 1510

48. Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер еткен:

1510 жылы Мерв түбінде Иран шахы І Исмаилмен болған шайқаста  М.Шайбанидің қаза болуы.

* Қасым хан Сайрам қаласын жаулап алды: 1513жылы.

*- Қасым ханның тұсында алғаш рет Ресеймен сауда саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.

49. Мұхаммед Хайдардың деректері бойынша Қасым хан қайтыс болған: 1518/ 1523ж

50. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында  Қазақ хандығы дербес мемлекет есебінде белгілі болды:

Орта Азия мен Шығыс Еуропа

51. ХҮІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс- жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға: Қасым.

 

Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі.

52. Қасым хан қайтыс болған соң: Ішкі саяси дағдарыс болды.

* 1523-1532жж- Тахир ханның ел билеуі

*1532-1537жж- Бұйдаш ханның ел билеуі

53. Хақназар ханның (Қасым ханның баласы)  билік құрған жылдары: 1538 -1580жж.

* ХҮІ ғасырдың орасында Ноғай Ордасы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Нәтижесінде Ноғай ОРдасында қырқысқан екі топ пайда болды. Бір тобы Мәскеуге қосылуды жақтаса, екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.

54. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының күш- қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: Мәскеуге қосылуды жақтаған қоғам ұлыстарын талқандап өзіне қосып алды.

* ХҮІ ғасырдың ортасында Жайық пен Еділ бойындағы шайқастан кейін Қазақ хандығы қосып алды: Ноғай ордасын

* Мәскеуге қосылуды жақтаған ноғайларды Хақназар хан ығыстырды: Дон.

55. Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата  түскен жағдай:_ Ноғай ордасының ыдырауы.

56. Моғолстан ханы Абд ар- Рашид Жетісу мен Ыстықкөлдың маңайындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады: ХҮІ ғ. 50-60 жж.

57. ХҮІ ғасырдың 50-60 жылдары Моғолстан ханы Абд ар- Рашидке қарсы Хақназар хан пайдаланды: қазақ- қырғыз әскер одағын

58. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында  Жетісу қазақтарының  жағдайын ауырлатқан оқиға:

ойрат тонаушылық жорық.

59. Моғолстан ханына қарсы соғыстарда Хақназардың айырлып қалған жерлері: Жетісудің біраз жерлері (Шығыс Жетісу)

60. 1570 жылдардың аяғында Моғолстаннан Қазақ хандығына өткен жерлер: Жетісу батысы (Шу, Талас)

61. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:_ Сібір , Моғолстаннан шапқыншылық жорықтары.

62. ХҮІ ғасырдың ортасында Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылған Хақназар хан осы

қаланы басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты: Ташкент.

63. «Қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарты» жасаған хандар:

Бұхар ханы ІІ Абдаллах

* Осы кезде Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан Бұхар ханы Абдаллахқа қарсы шығып, соғыс ашты. Мақсаты Бұхар хандығынан бөлініп, тәуелсіз билік құру.

64. Баба сұлтанға қарсы күресінде қолдау бергені үшін Абдаллах ханның Хақназар ханға сыйға берген жері: Түркістан аймағындағы бірнеше қалалар.

65. Қазақ сұлтандарын өзіне тарту үшін Баба сұлтанның Қазақ хандығына сыйға берген қалалары:

Түркістан, Сауран

66. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын

өлтірген жыл: 1580ж.

67. Батыс елдері Қазақ елі туралы алғаш рет білді: Хақназар кезінде

 

Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі.

1.Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген:

Шығай

2. Шығай ханның билік құрған жылдары: 1580-1582 жж.

3. Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығында қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға сыйға берген жері: Ходжент.

4. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болды: 1582ж.
5. Тәуекел сұлтан Түркістан қаласының түбінде Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзін өлтірді:

1582 ж. маусым

6. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уалаятын сыйға тартты: Тәуекелге.

* Қас жауын Баба сұлтанды жойғанына ризашылығы ретінде. Сыр бойыдағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды.

7.Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598жж.

* Тәуекел хан билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды.

8. 1583 жылы Тәуекел хан «Ант берскен шартты» бұзып, Абдаллах хандығына шабуыл  жасап  басып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам.

9. Тәуекел ханның беделін және күш- қуатын арттырған жеңіс:_ Ташкент түбінде Абдаллах ханды талқандалуы (1597-1598жж.)

10. 1597-1598 жылдары Тәуекел хан Абдаллах ханның әскері талқандаған жері: Ташкент.

11. Абдаллах өлген соң Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл: 1598ж.

* Абдаллах хан өлгеннен соң, хан тағыа жаңадан отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіріп, Өзбек хандығында ьилік үшін талас- тартыс өрши түсті.

12. 1598 жылы  Тәуекел ханның өзбек сұлтандарының қолдауымен басып алған қалалары:

Ташкент,Самарқан (Ақаш, Мүнші, Искандер)

* Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.

13. Тәуекел хан осы қаланың түбіндегі шайқаста ауыр жараланды: Бұхара.

* Тәуекел ханның қалың қолы  Бұхара  қаласын 20 күн қоршауда ұстады.

14. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

15. 1598 жылы шайбани әулетінің орнына келген әулет: Аштархани

* Жаңа әулет пен қазақ әміршілерінің арасында Қазақ хандығына қосылған жерлерді  заңдастырушарты жасалды.

16. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген соғытың нәтижесі: Ташкенттің қазақ хандығына қосылуы

17. ХҮІ ғасырдың аяғында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде Қазақ хандығы: Қуатты мемлекетке айналды.

* Шайбани әулеті мен Қазақ хандығы арасындағы ұзаққа созылған соғыстар өлкенің шаруашылық жағдайына, қала өмірінің жай –күйіне ауыр зардабын тигізді.

 

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы.

18. Есім ханның билік құрған жылдары: 1598-1628жж.

19. Есім ханның басты мақсаты:_ Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекетке айналдыру

* Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.

20. Қазақ хандығының  әскери күш- қуатын арттыруға  айрықша көңіл бөлген Есім хан:_ Сұлтандарға еркіндік билік берді.

21. Қазақ хандығында феодалдық  талас тартыстар кең өріс алды: ХҮІІ ғ. басы.

22. ХҮІІ ғасырдың  басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған

екі хан: Есім хан (Түркістан), Тұрсын (Ташкент)

* ХҮІІ ғасырдың басында Жаркентте дара билік жүргізген: Абақ; Ташкентте- Келді- Мұхаммед; Әндіжанда- Абылай сұлтан, Тұрфанда- Әбд –ар- Рахым

23. Тұрсын сұлтан (Жалым сұлтанның ұлы) өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл: 1613ж.

24. Тұрсын ханның сенімді тірегі: Қатаған.

25. Тұрсын хан тәуелсіздіктің  белгісі ретінде шығарды: Ақша шығарды.

* Есім хан бұл оқиғаға айрықша сабырлық, төзімділік көрсеткен. Есім хан қазақ арасындағы қан төгіске   жол бермеу үшін  Тұрсын ханды тең дәрежелі әмірші ретінде  мойындады.

26. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты: 1627ж.

27. Тұрсын ханның бүлігі: Қатаған қырғыны.

* Есім хан  Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі.

28. «Қатаған қырғыны» қатысты: Тұрсын ханға

29. Есім ханың кезінде Қазақ хандығының  ішкі жағдайын пайдаланып, Бұхар ханының қайтарып алуды көздеген қалалары: Ташкент, Сайрам, Андижант

* Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды  мақсат етті.

30. Қазақ- бұхар соғысы болған жылдар: 1603-1624жж.

31. 1603 жылы бірінші қазақ- бұхар  шайқасы болған жер: Айғыржар жерінде

32. 1620-1621 жылдары болған 4-ші, 5-ші, 6- шы қазақ- бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін басқарған: Тұрсын

33. 1627 жылы* қазақ- бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді:_ Ұтымды соғыс тәсілі.

34. Қазақ – бұхар соғысында Есім хан  қолданған ұтымды соғыс тәсілі: Қорғанышты шайқас.

35. Жиырма жылдан астам уақытқа созылған қазақ- бұхар соғысының нәтижесі: Бұхар ханы Имамкул жеңілісті мойындады.

36. Есім тұсында 200 жыл қазақ хандығының құрамына енген қала: Ташкент.

* ХҮІ ғасырда Моғолстанның ішкі- сыртқы істерінде үлкен ықпалды болған қазақ сұлтаны Ескендір.

37. Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар: (ХҮІ ғ.аяғы- ХҮІІІ ғ. басы.)- Есім ханның ескі жолы.

 

ХҮІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.

І. Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан.

ІІ. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

ІІІ. Қазақ хандығының Сібір хандығымен қарым- қатынасы.

ІҮ. Қазақ -орыс қатынастары.

І. Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан.

1. ХҮІІ ғасырда қазақ хандығының ішкі- сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған:

кіші хандардың дара билікке ұмтылуы.

* ХҮІІ ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының  билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.

2. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір.

3. Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы:

Салқам Жәңгір.

* Жәнгір хан жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығы, Жаркент хандығы, қырғыз елімен одақтастық қарым- қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.

4. Жәгір хан 600 жауынгерімен  жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ

5. Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643ж.

6. 1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: Жәңгір.

7. Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлерінің  ту сыртынан 20 мың қолмен шабуыл жасаған батыр:

Алшын Жалантөс

* Жоңғарлар Сібірдің орыстар тұрған қамалдарынан қару- жарақ, зеңбірек алып, қырғыздардан көлік жинап 1652 жылы  қазақ жеріне баса көктеп кірді.

8. 1652 жылы майданда қаза тапқан хан: Жәңгір хан.

9. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары Жоңғар хандығының экономикалық қуатын арттырған жағдай:

_ Шығыс Түркістанның Жоңғар хандығына қосылуы.

10. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: 9

 

ІІ. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

11. Жәңгір қайтыс болғаннан кейін  билік құрған хан: Тәуке хан

12. Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680- 1715жж.

13. ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығындағы саяси жағдайда реттеген хан: Тәуке хан.

14. Тәуке ханның қасындағы негізгі рөл атқарған: Билер.

* Тәуке хан өзінің билігін күшейту үшін сұлтандардың билігін шектеуге, билерге арқа сүйеуге тырысты.

15. Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: атқарушы билік, сот билігі

16. Тәуке ханның тұсында хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің  аса маңызды мәселелерін шешетін билер: Билер.

17. Тәуке ханның тұсындағы астана: Түркістан

18. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер: Құлтөбе

19. Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті Жарғы»

20. «Жеті жарғы»  заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би (Үйсін, Ұлы жүз), Қазыбек би (Арғын, Орта Жүз), Әйтеке би (Кіші Жүз,  Алшын.)

21. «Жеті жарғы» бойынша рулар арасындағы жерлерді бөліп беруде  ең соңғы шешімді қабылдаған: Хан

22. «Жеті жарғы» бойынша заң шығару құқы мен барлық қазақ қоғамындағы мүшелеріне бұйрық беруге міндетті: Хан

  1. «Жеті жарғы» бойынша хан: Хандықтың басшысы, бас қолбасшы, барлық рулардың басшысы

24. «Жеті жарғы » бойынша қазақ елінің ру- тайпа басшыларына жүктелген міндет:_ Жылына бір рет құрылтайға қатысу.

25. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған:

Қарусыз келгендер

26. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады: 13 жылға толмағандар.

* Екіқабат әйелдер  кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылмаған.

27. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы  мақсаты Көрші мемлекеттермен сенімді байланыс орнатып, ожақ құру.

28. Тәуке хан Бұхар хандығымен: Достық қарым- қатынаста болуы.

29. Тәуке ханның тұсында жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай:

Тәуке ханның қырғыз және қарақалпақтармен одақ құруы.

* Қазақ ханы Тәуке қырғыздарды басқарды: Қоқым Қарашор би арқылы.

* Қазақ ханы Тәуке қарақалпақтарды басқарды: Сасық би арқылы.

30. 1680 жылы жоңғр шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан.

31. ХҮІІ ғасырдың  80 –жылдары Жоңғар әскерінің бір бөлігі жетті: Сарысуға

* Екінші бір бөлігі- орта жүздің солтүстік- шығыс аудандарына

32. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: Жоңғарларға тойтарыс беру.

 

 

ІІІ. Қазақ хандығының Сібір хандығымен қарым- қатынасы.

33. Сібір атауы түркі тілдес тайпалармен  ұзақ жылдар бойы қарым- қатынаста болған осы этникалық тобының атауынан шыққан: Сыпыра

* Сібірдің баырғы тұрғындары: хантылар мен мансылар.

*- Сібір елін моңғолдар  жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одансоң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы: Рашид ад-Дин

34. Сібір хандығының астанасы: Искер

35. 1555 жылы қазақтан мен ноғайлардың жасақтарын басқарып, тайбұғалықтарды жеңген:

Көшім хан

36. Көшім қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағындағы» дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы: Шайбан

* Тарихшы Әбілғазы да «Түрік шежіресінде» соны растайды.

* Н.Карамзин, А.Левшин, Ш. Уәлиханов Көшімді қазақ ақсүйегіне жатқызады.

* Орыс жылнамашысы Есипов Көшімнің Сібірге «Қазақ ордасынан» келгенін ашып жазған.

37. Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: Ислам

38. Әлемдік саудада жоғары бағаланатын Сібірдің басты қазынасы: Бағалы аң терісі, қыран құстар

39. Ресейден Сібірге аттанған Ермак жасағы  Қарашы түбінде Көшім ханның жасағын талқандап, Искерді басып алды: 1582 ж.

* Көшім жасақтарының ең осал жері: оқдәрімен атылатын  қарудың жоқтығы.

40. 1584 жылы ұрыста Ермакты жеңген батыр: Сәтбек.

41. Патша өкіметінің Сібір ханы Көшімді талқандап, Сібір хандығын талқандап, Сібір хандығын жаулап алған жыл: 1598жылы.

 

 

ІҮ. Қазақ -орыс қатынастары.

*ХҮІ ғасыра Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындады. Бұл жағдай хандарының Ресеймен сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік жасады.

42. Орыс көпестеріне қазақтармен баж салығынсыз  сауда жасауға рұқсат еткен патша: ІҮ Иван

43. Қазақ- орыс сауда қатынастары, деректемелер бойынша басталған мерзім: ХҮғ. 90 жылдары

44. 1569 жылы Қазақ хандығына  келген орыс елшілігін бастаған: Семен Мальцев

45. Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігінің Қазақ хандығымен одақ жасасу үшін келген жылы:

1573 жылы.

46.1594 жылы Мәскеуге Федор патшаға достық келісім жасау үшін Тәуекел  ханның елшілігін басқарып келген: Құлмұхаммед.

47. 1595 жылы Тәуекел ханға келген орыс елшілігін басқарған: Вельямин Степанов.

48. 1640 жылы салынған бекініс: Гурьев.

49. 1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады: Сауданы күшейту туралы.

50. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» рөлін

атқарады деген патша: І Петр

Салынған бекіністер:

*1716жылы- Жәміш, Омбы.

*1717 жылы- Железинск

*1718 жылы- Семей

*1735 жылы – Орск

*1720 жылы- Өскемен, Павлодар

*1743 жылы- Орынбор.

*1761 жылы- Бұқтырма

*1752 жылы- Петропавл.

%d такие блоггеры, как: