Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлеп, жауап беруге жетелеу. Топ ішіндегі ойыншықтардың  көлемін, пішінін, түсін бір-бірінен ажырату. Сезімталдық таным әрекетін дамыту, диалог түрінде сөйлеуге жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс: Ән-саз, көркем әдебиет, математика.

Көрнекті құралдар: Әр түрлі ойыншықтар: қуыршақ, доп, машина, аю тағы басқалары.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-          әрекеті
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайрлы таң, апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Дос болып мәңгі қаламыз!

Шеңбер бойында тұру. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, апайлармен амандасады.
Психологиялық сәт

Ұйымдастырушы ізденушілік

Рефлексивті коррекциялаушы:

-Балалар көңіл-күйіміз қалай?

-Біз ренжігенде, қуанғанда  қандай көңіл-күйде боламыз?
-Ендеше,балалар біз бүгін тіл дамыту оқу іс-әрекетімізде «Ойыншықтар» тақырыбымен танысатын боламыз.

-Қане балалар, маған назар аударыңдаршы. Үстел үстінде бүркеменің астында бір нәрселер жасырынған сияқты, кәне, ашып қарайықшы, балалар.

-Ой, балалар, неткен көп ойыншықтар, ендеше осы ойыншықтармен танысайықшы.

-Мынау қуыршақ, сендер осы қуыршаққа ат қойыңдаршы.

-Мынау аю, түсі,пішіні қандай?

-Ал, мынау машина, түсі,пішіні, көлемі  қандай?
Тәрбиеші: -Балалар, біз көптеген ойыншықтармен таныстық. Рахмет балалар, енді осы ойыншықтарымызға арнап ән айтайықшы.

Ән: «Ойыншықтар» Н.Әлімқұлов

1.Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ!

2.Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды

Ал қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десем ұқпайды

-Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: -Балалар, мен сендерге  жол ережесі туралы айтып берейін,«Бағдаршам»ойынын  ойналады,алдымен   жұмбақ жасырады:

Менің 3 көзім бар:

Бір көзім: «Кідір» – дейді.

Бір көзім: «Жүгір» – дейді,

Бір көзім: «Абайла» – дейді.

«Қарап ал, маңайға» – дейді.

Бұл не?

Ойынның барысы:
Әрі қарай жүрейік,

Бағдаршамға қарайық!

Қызыл көзі жанғанда,

Қозғалмайық, тұрайық!

Сары көзі жанғанда,

Жүруге дайын болайық!

Жасыл көзі жанғанда,

Жылдам өтіп алайық!

Психологиялық ойын: «Ойыншықтың түсін ажырату».

Мақсаты: Балалардың көру арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.

Шарты: Балалардың қолдарына әр түрлі ойыншықтар беріп, кімнің қолында қандай ойыншық бар екенін жеке-жеке айтып, көріп, есте сақтап алу керек. Олар ойыншықтарды артына жасырып, кімнің артында қандай ойыншық бар екенін табуы керек.

Тақырып бойынша оқу іс-әрекетті сұрақ-жауап арқылы қорытындылау:
-Балалар,бүгін не туралы     үйрендік?

-Ойыншықтар не үшін қажет?

-Cендер үйде қандай ойыншықпен ойнайсыңдар?

-Ойыншықтардың айырмашылығы, түстері қандай? (аю, машина, т.б).

Тәрбиеші: Өте тамаша, балалар, бүгін сендер ойыншықтар туралы көп нәрсені үйрендіңдер, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Сендердің еңбектеріңді жұлдызшалармен бағалаймын. Үйлеріңе қуанышты хабарлама жіберемін. Сау болыңдар!

   -Жақсы!              Ренжулі!
-Назым.

– Қоңыр,үлкен,жүні жұмсақ

-Түсі қызыл,пішіні төртбұрыштыі ,көлемі үлкен.

Балалар әуенмен тербеліп,

қолдарына ойыншықтар ұстап тұрады,қимылдар жасайды.

Әнді хормен айтып шығады.

«Бағдаршам»

Балалар қимыл-қозғалыспен жалғастырып, қызыға  ойнайды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып отырды.

-Ойыншықтар.
-Ойнау үшін.
-Аю, қуыршақ, машина,жан-жануарлар,солдаттар, құрастырғыш.
-Жұмсақ.

-Қатты.

-Қоңыр.

-Көк.

Балалар қатты қуанды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ойыншықтардың ерекшеліктері, атауын, түсін, пішінін білуі.

Болуы керек: Ойыншықтар жеткілікті болуы, эстетикалық талғамға сай болуы.

Үйренуі керек: Қойылған сұраққа жауап бере білуі керек.

 

                          Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

 

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

 

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

 

                                             Дайындаған педагог: Амалбекова Айытбике

II кіші топ тәрбиешісі

 

                                          Бейнеу селосы, 2016

Рубрики: Бастауыш

%d такие блоггеры, как: