Әдебиеттік оқу Сынып: 2 «А»
Тақырыбы: «Кімнің мекені жақсы?»     3-ші сабақ
Мақсаты: Мәтіннің негізгі мазмұнын ашу. Әр кейіпкердің өз жерін жақсы көру себебін түсіндіру.  Мәтінді мазмұнына қарай  өмірмен байланыстырып, талдауға үйрету.
Күтілетін нәтиже Оқушы сыни тұрғыда ойлана алады, ойын еркін дәлелді түрде жеткізе біледі.
Қолданылған  модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО; ОүОБ; оқушының жас ерекшелігіне қарай оқыту және оқу;
Стратегиялар Топқа бөліну, «Конверт»  стратегиясы, «Әр сұраққа бір жауап»  
Сабақ  кезеңдері Сабақтағы әрекеттер Ресурстар
Кіріспе.

Психологиялық  ахуал.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, топқа бөлінеді.

Топқа бөлу: құрбақа, тышқан, құмырсқа, көкқұтан, бозторғай, жауынқұрт  суреттері арқылы 6 топқа бөлінеді.

Суреттер

Ой шақыру. Қызығушылықты ояту. Әр топ өздері топқа бөлінген суреттер кейіпкерлері туралы білетіндерін айтып, ойларын ортаға салады.

І топ: құрбақа               ІҮ топ: көкқұтан

ІІ топ: тышқан              Ү топ: бозторғай

ІІІ топ: құмырсқа         ҮІ топ: жауынқұрт  

Үйге берілген «Кімнің мекені жақсы?»  мәтінін  тізбектетіп, хормен оқытып, мазмұнын қысқаша айтады.

«Конверт»  стратегиясы

Әр топ конвертте жасырынған сұрақтарға жауап берулері керек. (Топпен ақылдасып жұмыс жасайды)

Сұрақтар: қай кейіпкердің сөзі екенін тап.

  • Ең жақсы мекен, жайлы қоныс осы жер емес пе! Иісі қандай жақсы – көкірегіңді ашады.   (көкқұтан)
  • Дүниедегі ең бір қолайсыз қоныс осы жер болды-ау, қандай ыстық еді,- деп ауыр демалды. (бозторғай)
  • Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетнің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат! (жауынқұрт)
  • «Кімнің мекені жақсы?» мәтінің қай түріне жатады? Неге?
  • Мына мақалдың қайсысы мәтіннің мазмұнына сай келеді? Неге?

-Туған жердің күні де, түні де ыстық.   – Еңбек етсең емерсің.

  • Мәтіндегі кездескен кейіпкерлерді ретімен атап айт.

Суреттер

Конверттегі  сұрақтер

Мағынанытану Мақалды түсініп оқы.

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары.
  • Бақа  көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

«Кімнің мекені жақсы?»  ІІІ бөлімін әр топқа тізбектетіп оқыту. Мазмұнын айтқызу.

Мақалдар жазылған плакат

оқулық

Қорытынды

Ой қорыту

Мазмұнына қарай әр топ сұрақтар қояды.

«Әр сұраққа бір жауап»  стратегиясы

-Тышқан өз ініне кіріп алып не істеді?

-Құмырсқа илеуіне кіріп алып не істеді?

-Құрбақа өз мекеніне келіп не деді?

Мәтіннің негізгі ойын қай сөз деуге болады?

Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс –әркімнің өз мекені, өз жері екен. (ережеге түсінік беріп өту)

Дәптермен жұмыс:

Мәтіннің үш бөлігіне ат қою.  (топтық жұмыс)

І бөлім: Жақсы мекен іздеп шығу.

ІІ бөлім: Барған мекендер.

ІІІ бөлім: Өз мекеніне жету.

Оқулық

дәптер

Үйге тапсырма Мәтінді оқу, мазмұндау, мақалдарды жаттау, «Менің туған жерім» шағын әңгіме жазу. Күнделікке жазып алады.
Бағалау Сабақ барысында белсене қатысқан оқушыларды бағалап өтемін. күнделік
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып, «Тілек ағашына» іліңдер. «тілек ағашы» стикер

 

%d такие блоггеры, как: