Қандайда бiр әдiспен екi өткiзгiштi зарядтағанда оның бiрi шамасы q оң зарядталып, ал екiншiсi шамасы дәл сондай терiс зарядталады. Өткiзгiштер арасында электр өрiсi пайда болып, потенциалдар айырымы (кернеу) туындайды. Егер электр өрiсi жеткiлiктi күштi (кернеу жоғары) болса, ондадиэлектриктiң iстен шығуы орын алады: диэлектрик өткiзгiшке айналады, онда өткiзгiштер арасында ұшқын пайда болып, олар разрядтала (зарядтарын жоғалта) бастайды. Табиғатта бұл құбылысты күн күркiрегенде найзағай ойнағанынан байқауға болады. Өткiзгiштер арасындағы кернеу тез өсуi бәсеңдеген сайын олардың зарядтарының көбейгенi, көп заряд ұстап қалуға мүмкiндiк бередi.

Электр сыйымдылығы дегенiмiз екi өткiзгiштiң электр зарядын ұстап қалу қабiлетiн сипаттайтын шама.

Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы деп бұл екi өткiзгiштiң бiрiнiң зарядының олардың потенциалдарын айырмасына қатынасын айтады:

 (4.13)

Дараланған өткiзгiштiң электр сыйымдылығы деп, өткiзгiш потенциалы шексiз қашықтықта нөлге тең деп жорамалдағанда, бұл өткiзгiштiң зарядының q оның потенциалына φ қатынасын айтады:

 (4.14)

Өткiзгiштiң электр сыйымдылығы оның формасынан, сызықты өлшемдерiнен және қоршаған ортаның электрлiк қасиеттерiнен тәүелдi.

Радиусы R дараланған шардың немесе өткiзгiш сфераның электр сыйымдылығы мынаған тең:

 (4.15)

мұнда ε0– электр тұрақтысы.

Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы СИ жүйесiнде бiрге тең, егер оларға +1 Кл және –1 Кл заряд жiберiлсе, олардың арасындағы потенциалдар айырымы 1 В. Бұл бiрлiктi фарад (1Ф) деп атайды; 1 Ф = 1 Кл/В.

 

Похожие записи

Электр және магнетизм

«Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы

 «Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Әр топтың аты, ұраны, таңбасы бар. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Тоқ күші», үшінші топ  «Кедергі». Ойын шарты бойынша жарыс тапсырмаларына барлық Подробнее…

Электр және магнетизм

Электромагниттiк толқынның қасиеттерi

Электромагниттiк толқындар да басқа толқындар тәрiздi бiртектi емес орталардың аралығында сынады және шағылады. Ал қандай да бiр электр қасиеттерiне ие ортада тараған толқындар осы ортада жұтылады. Сонымен қатар электромагниттiк толқындар көлденең толқындар болып табылады. Электромагниттiк Подробнее…

Электр және магнетизм

Радиолокация. Теледидар туралы түсiнiк

Электромагниттiк толқындар бiртектi емес ортада тараған кезде өзiнiң жолындағы кездескен әртүрлi нысандардан шағылады. Әрине, шағылған толқындардың қарқыны түскен толқынның қарқынынан әлдеқайда аз. Дегенмен де, қазiргi заманның құралдары осындай әлсiз сигналдардың өзiн тiркеуге мүмкiндiк бередi. Ал Подробнее…

%d такие блоггеры, как: