Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Майқайың кенті
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хакимова Алия Джумагалиевна

2- сынып  Математика

 

Сабақтың тақырыбы:      Теңдеуді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Құрылымы күрделірек қосу және азайту амалдарымен  байланысты теңдеуді құру және оны шығару тәсілін меңгеру;

есепті түрлендіруге және салыстыруға, бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс-әрекеттер мен үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру;

топпен жұмыс істеу арқылы  коммуникативтік қарым-қатынасқа,  бірлесе отырып ізденуге , өз білімдерін бағалауға үйрену және шығармашылық ізденуін дамыту.

Сабақтың түрі:   Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Жұппен, топпен жұмыс, топтар арасындағы сайыс.

Керекті құрал-жабдықтар:

Сандар қатары (үш таңбалы сандар), топтар тапсырмалары жазылған     карточкалар, геометриялық фигуралар, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Оқушылардың психологиялық қызығушылығын арттыру.

ІІ.а).Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру.№4.

ә)Топтарға тапсырма:1т.-940  2т.-950  3т.-960  4т.-980  5т.-990

840        850        860        880        890

740        750        760        780        790

640        650        660        680        690

1)оқу,

2)салыстыру: ұқсастығы, айырмашылығы.

б).Топтау. Әр топқа тапсырмалар беру.

10+25                             26-х=13

36>20                              x+25=50

99=99                              100-40=60

28<88                              78-18

16-x=47-40                      Х+45

? Өрнек, әріпті өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеу.

Талдау. Қайсысы тез орындалады? Қай теңдеу қиын?(ситуация)

ІІІ.Жаңа білім.

1.Күрделі теңдеудің шығарылу жолын табу,талдау,түсіндіру.

ІV.Жаңа білімді қолдану.

1.Топтарға тапсырма.

1т.  Х-57=32-12    2т. X-29=60-59       3т. X-15=20+10

4т. X-38=44-13    5т. X-45=90-60

2.Талдау, түсіндіру, өз білімдерін бағалау.

V.Валеопауза.

.Топтар арасындағы жарыс. Танымдық есеп.

1т. Қой 15жыл өмір сүреді,ол қояннан 5жыл артық өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.

2т. Қой 15жыл өмір сүреді. Ал қоян одан 5жыл кем өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.

3т. Қоян 10 жыл өмір сүреді.Ол қойдан 5жыл кем өмір сүреді. Қой неше жыл өмір сүреді?  Теңдеу құрып шығар.

4т.Қоян 10жыл өмір сүреді. Ал қой одан 5жыл артық өмір сүреді.Қой қанша жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.

5т. Қой қояннан 5жыл артық өмір сүреді.Егер қоян мен қой екеуі 25жыл өмір сүрсе әрқайсысы қанша жыл өмір сүреді?

Теңдеу құр,шығар.

Топтардың талдауы,бағалау.

VІІ.Сергіту.

VІІІ.Әр топқа геометриялық тапсырма беру.

1т.Төртбұрыш сыз, оның екі тік бұрышы ғана бар.

2т.Төртбұрыш сыз, оның төрт тік бұрышы бар.

3т.Төртбұрыш сыз, оның үш тік бұрышы бар.

4т.Төртбұрыш сыз, оның бір ғана тік бұрышы бар.

5т.Төртбұрыш сыз, оның бірде-бір тік бұрышы жоқ.

Топтар тапсырмаларын шығып қорғайды. Талдау, бағалау.

ІХ. Әр топқа шығармашылық тапсырма.

( «100 логикалық тапсырмалар» жинағынан)

Әр топ басшылары өз топтарының бағаларын ескертіп айтып отырады.

Х.1).Сыныптағы 5топқа күрделі теңдеуді шешуге арналған тапсырма беру.

Тапсырмалар жазылған карточканың екінші жағындағы  «Күрделі», «теңдеуді», «шығаруды», «білеміз», «рахмет!» деген сөздерді орнына қойып оқу.

2).Талдау, жинақтау, бағалау.

 

%d такие блоггеры, как: