§17.Электр өрісінің энергиясы

 

Зарядталған оқшау өткізгіштердің электр өрісінің энергиясы келесі формуламен анықталады:

.

Зарядталған конденсатордың энергиясы

.

Зарядталған конденсатордың энергиясын астарлар арасындағы электр өрісін сипаттайтын шамалар арқылы өрнектеуге болады. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы  екенін ескерсек

 көбейтіндісі көлемді,  қатынасы электр өрісінің кернеулігін береді.

Сондықтан электр өрісінің энергиясын келесі түрде өрнектеуге болады:

Бірлік көлемдегі электр энергиясын өріс энергиясының тығыздығы деп атайды.

Өлшем бірлігі .

 

Бақылау сұрақтары

1.  Қандай заттар өткізгіштер болып табылады?

2.  Электр өрісіндегі өткізгіштерде қандай шарттар орындалады?

3.  Өткізгіштің электр сыйымдылығы неге тәуелді?

4.  Оқшауланған шардың электр сыйымдылығы қандай өрнекпен

      анықталады?

5.  Жазық, сфералық және цилиндрлік конденсаторлардың электр

     сыйымдылықтарының формуласын қорытып шығарыңыз.

6.  Конденсаторларды қосу әдістерін беріңіз.

7.  Зарядталған оқшау өткізгіштердің электр өрісінің энергиясы қалай

     анықталады?

3.     Өріс энергиясының тығыздығы дегеніміз не?