Менің достарым

Опубликовано Опубликовано в рубрике Психология
Назар аударыңыз:
Егер де материал көшірілетін болса, авторды мен сілтемені көрсетуді ұмытпаңыз. Материал авторлық.
Google DOCsMicrosoft One DriveТекст

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№2 «Жанар»балабақшасының

Педагог-психологы : Ермекова Нағияш Реймбаевна

Тақырыбы: Менің достарым

 

Сабақтың мақсаты:

-оқушылардың дос, достық туралы түсініктерін кеңейту;

– тіл байлықтарын, ойлау дағдыларын дамыту;

-дос бола білуге, достықтың қадірін түсінуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап

Қажетті оқу-құралдар: оқулық , дәптер, түрлі-түсті бояулар.

Сабақ барысы:

Көңілашар

–Балалар, бәріміз дөңгелене тұрып, мына өлеңді бірге атайың:

Күнде шат, күлкі күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.

Әңгімелеу

– Балалар , ертеде елішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары

– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет түрып:

– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі –амал достық.

– Дұрыс-ақ. Оны қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады,

– Деп жауап беріпті Әйтімбет би.

Тәрбиеші  «өмірлік нұсқа», «өмірі қысқа», «адал достық», «амал достық» деген сөздердің мәнін ашып түсіндіреді. Сөйтіп оларға өздерінің достары туралы әңгімелету үшін мынадай сұрақтар қоюына болады:

– Досың кімдер?

– Досыңның қандай мінездері ұнайды?

– Адамдар қандай жағдайда достасатынын білесіндер ме?

– Досыңа ренжіген кездерің болдыма?

– Досың сені не үшін жақсы көретінін білдің бе?

– Досыңның көп болғанын қалайсын ба?

– Үлкен адамдардың достығы туралы білесің бе? (Балалардың жауаптары).

Көңілді үзіліс.

Тәрбиеші  үнтаспадан «Дос болайық, бәріміз» әнін тыңдатып барлығының бірге айтып үйренгенін талап етеді.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суретпен бойынша жұмыс жүргізіледі:

– Мен табиғатпен доспын.

– Мен кітаппен доспын.

– Мен жануармен доспын.

– Мен адаммен доспын.

Тәрбиеші баларға олармен қалай достасқаны жөнінде әңгімелетеді.

Дәптермен жұмыс

Суретті әдемлеп бояп, оған ат қойып, олар туралы әңгімелету үшін мынадай сұрақтар қоюына болады.

– Бояған суреттеріңе ат қойып алыңдар .

Тәрбиеші достар туралы өздері тақпақ , өлең, мақал-мәтел айтқызады.

Сабақты былай қорытады:

– «Өзің жақсы болсаң, досың көп» деген жақсы сөзді есімізге жақсы ұстайық.

Жүректен жүрекке

– Бүгінгі сабақта достардың қандай болатыны жөнінде әңгімеледік?

– Қандай адамдар бір-бірімен достаса алады?

– Біз бір –бірімізді кім деп түсінеміз?

– Ендеше біз бәріміз дос екенбіз. Алдостар бір-бірін түсінеді, сыйлайды, құрметтейді. Бәріміз дос болайық!