Павлодар қаласының «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебі» ММ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

МУКУШЕВА МАЙЯ АКАТАЕВНА

 

Жасөспірімге арналған тренинг: «Сабырлыққа үйренейік»

 

Мақсаты:

Жасөспірімді эмоционалды жағдайлар кезінде өзін -өзі бақылауға үйрету

Міндеттері:

– тұлғааралық қарым-қатынасында эмоциялар рөлін анықтау;

– жасөспірімнің өзіндік санасын дамыту;

– қатысушылардың өзіндік эмоциялық жай-күйін реттеу әдістері туралы білімдерін кеңейту

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Әр қатысушыға өзінің көңіл-күйінің сүретін салуға ұсынылады. Сурет салып болғаннан кейін әркім өзінің қөңіл-күйі туралы әңгімелейді.

 

«Тауып көр» жаттығуы

Мақсаты: оқушыларды эмоционалды күйлерді ажыратуға үйрету

Оқушыларға тапсырмасы бар конверттер таратылады: оқушы белгілі бір эмоцияны мимика арқылы көрсетуі қажет, ал қалғандары тауып алады. Талқылау. Әрқайсысы өздерінің әсерлерін білдіреді.

– Берілген эмоцияны көрсету қиын болды ма?

 

«Сабырлы және агрессивті жауаптар» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі жағдайларда адекватты реакцияларды қалыптастыру.

 

Әрбір қатысушыға берілген жағдайды сабырлы, батыл және агрессивті жауаптар арқылы көрсетуге ұсынылады. Әр қатысушы үшін бір ғана жағдай пайдаланылады.

Жағдай:

– досыңыз сізбен сөйлескісі келеді, ал сіз асығып тұрсыз;

– әріптесіңіз сізді маңызды ісіңізден алаңдатады, жұмыс істеуге кедергі жасап тұр;

– сіз біреуге өте ренжулісіз. Талқылау.

 

«Стакан» жаттығуы

Мақсаты: өзінің мінез-құлықын эмоциялық түрде сезінуі.

Балаларға бір рет ғана қолданылатын стакан беріліп, онымен қатты ашуланып тұрғанда жасаған іс-әрекетті жасау ұсынылады. Содан кейін стаканды қайтадан бастапқы түріне қайтару керек.

Талқылау:

– Қалай олайсындар, мына стаканды қайтадан өз қалпына келтіруге бола ма?

– Ашуланып істеген іс-әрекеттен кейін өкінген кездерің болды ма?

Қорытынды. Әр бір зат құнды, бірақ ең басты құндылық ол- адамның жаны. Мұндай күйге түскен адамның жанын қайтадан өз қалпына келтіру оңай ма, қалай ойлайсыңдар?

«Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: Өзін-өзі бақылауға дағдыландыру.

Психолог оқушыларға шарларды үрлеп, байлап қойындар деп сұрайды. Үрленген шар ол адам, ал оның ішіндегі ауа- адамның ашуы. Іштегі ашуды қалай сыртқа шығаруға болады? Егерде шар осындай қалыпта қала берсе не болады? Шарды бүлдірмей ауаны ішінен қалай шығаруға болады? Адам өзінің ашуын бақылай ала ма?

Рефлексия «Менің көңіл-күйім»

Мақсаты: жақсы көңіл-күйді қалыптастыру.

Психолог әр оқушыға қазіргі көңіл-күйі жайлы айтып беруін сұрайды.

 

%d такие блоггеры, как: